Главная Новости Қазақстанда ChatGPT чатының баламасы жасалады
01 ақпан 2024, 16:33 1139

Қазақстанда ChatGPT чатының баламасы жасалады

Қазақстанда ChatGPT чатының баламасы жасалады

Қазақстанда азаматтарға тәулік бойы құжаттарды өңдеуге және барлық сұраққа жауап алуға мүмкіндік беретін ChatGPT баламасын әзірлеу басталды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің сөзінше, болашақта қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді ChatGPT форматында байланыс жасау арқылы ала алады.

«Биыл біз e-Gov өнімдеріне жасанды интеллект енгізуді көздеп отырмыз. Қазір Назарбаев Университетімен бірлесе отырып, қазақстандық әзірлеме базасында GPT чатының баламасын жасау жұмысы басталды. Біз үшін ең маңыздысы – адамдарға жағдай жасау», - деді министр.

Оның айтуынша, жасанды интеллект қазақ тіліне аударылады, қазіргі уақытта қазақ тілді LLM құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 

«Қазақстан жасанды интеллектке өзінің цифрлық өнімімен енуді мақсат етіп отыр», - деп түсіндірді Бағдат Мусин.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: