Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстанда 10 қарашада Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні аталып өтіледі. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Осыған байланысты 17 мамырда аталып өтілетін Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні мерекесі Байланыс қызметкерлері күні болып өзгертілді.
Жаңа кәсіби мерекені бекітуге сала қызметкерлерін қолдау мақсатында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бастамашы болды. Бүгінде олардың жалпы саны 155 мыңнан астам адамды құрайды.
Цифрлық трансформация – қоғамның өмір сүру сапасын жақсартатын, еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ететін, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлардың бірі. Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие.
Биыл Қазақстан БҰҰ электрондық үкіметті дамыту жөніндегі рейтингінде (UN Global e-Government Development Index) 193 мемлекеттің ішінде 28-орынды иеленді. Атап айтқанда, «онлайн-қызметтер сапасының индексі» бойынша еліміз 8-орында.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!