Главная Новости Қазақстанда «жасыл» энергетиканың қуаты 17 есеге артты: жаһандық инвесторларды тарту жалғасуда
17 июня 2025, 16:06 333

Қазақстанда «жасыл» энергетиканың қуаты 17 есеге артты: жаһандық инвесторларды тарту жалғасуда

Қазақстанда «жасыл» энергетиканың қуаты 17 есеге артты: жаһандық инвесторларды тарту жалғасуда

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласында айтарлықтай өсім байқалады: соңғы он жылда елдегі ЖЭК нысандарының жалпы орнатылған қуаты 17 еседен астамға артып, 3082 МВт-қа жетті.

Бүгінгі таңда «жасыл» генерация елдегі жалпы электр энергиясы өндірісінің 6,43%-ын қамтамасыз етіп отыр. Бұл жетістіктер мен алдағы жоспарлар Power Central Asia + China өңірлік энергетикалық форумында таныстырылды. Мұндай қарқынды даму – экологиялық таза, тұрақты және экономикалық тұрғыдан тиімді энергетикалық жүйені қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесі.

2018 жылдан бастап Қазақстанда іске қосылған ашық аукциондық механизм аясында 13 елден 260-қа жуық компания тартылды. Бұл тек қуат көздерін арттырып қана қоймай, сонымен қатар «жасыл» электр энергиясының тарифтерін де едәуір төмендетуге мүмкіндік берді: жел электр станцияларына – шамамен 2 есеге, күн электр станцияларына – 2,5 есеге дейін.

Инвесторлар үшін өңірдегі ең тартымды шарттар жасалған: 20 жылға дейінгі электр энергиясын сатып алу келісімшарттары, тарифтерді индекстеу, сондай-ақ инвестициялық преференциялар қарастырылған. Бұл саясаттың стратегиялық мақсаты — экологияны жақсарту ғана емес, сонымен бірге елдің энергетикалық тәуелсіздігін күшейту, заманауи технологияларды енгізу және жоғары білікті жаңа жұмыс орындарын құру.

Басты жетістіктер мен жақын болашақтағы жоспарлар:

Қазақстан бойынша 156 ЖЭК нысаны іске қосылған, оның ішінде 63 жел және 48 күн электр станциясы;

2025 жылы жалпы қуаты 455,5 МВт болатын тағы 9 нысан пайдалануға беріледі;

Қытай, Франция, БАӘ және Ресейдің стратегиялық инвесторлары Қазақстанмен 5 ГВт-қа жуық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Үкіметтің басты мақсаты — елдің энергетикалық теңгеріміндегі ЖЭК үлесін 15%-ға дейін арттыру. Осы мақсатта 2030 жылға дейін жалпы қуаты 2258 МВт болатын 91 жаңа жобаны іске қосу көзделуде. Сол арқылы ЖЭК-тің орнатылған жалпы қуаты 10 ГВт-қа жетеді.

Энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін жобаларға ерекше көңіл бөлінуде. Гидроэнергетиканы дамыту жоспары бекітіліп, энергияны тиімді жинауға және сақтауға мүмкіндік беретін гидроаккумуляциялық электр станцияларын (ГАЭС) салу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі — ұлттық деңгейдегі басты басымдықтардың бірі. Бұл тұрақты даму, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және алдыңғы қатарлы әлемдік технологияларды тарту жолындағы сенімді қадам.

Дереккөз: t.me/Minenergokz

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: