Главная Новости Қазақстанда жедел жәрдем бригадаларына арналған бейнежетон енгізілуде
26 ноября 2026, 14:24 19

Қазақстанда жедел жәрдем бригадаларына арналған бейнежетон енгізілуде

Қазақстанда жедел жәрдем бригадаларына арналған бейнежетон енгізілуде

«Қазақтелеком» жедел жәрдем бригадалары мен мобильді медициналық топтар шақыртуға барғанда медициналық көмек көрсету барысын тіркейтін шағын смарт-бейнежетондарды енгізіп жатыр.

▶️Бейнежазба даулы жағдайларды объективті түрде талдауға, шағымдарды қарауға, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен науқастардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.

Жоба алғаш рет Шымкент қаласында іске қосылды. Жүйені пайдалану кезеңінде бейнежазба көмегімен бес шақты даулы мәселе шешілді.

Қазіргі уақытта жүйе еліміздің 10 өңірінде жұмыс істеп тұр. Олар: Астана, Алматы және Шымкент қалалары, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары және Жетісу облысы.

Бейнежазбалар жергілікті қорғалған серверлерге жіберіліп, белгіленген тәртіппен сақталады.

Жобаны ауқымдау жұмыстары жалғасып жатыр:

  • Жалпы еліміздің 20 өңірінде шамамен 3 900 бейнежетон қажет.
  • 18 өңір бойынша 3 329 құрылғыны жеткізуге арналған шарттар жасалып жатыр және аталған бағыттағы жұмыстар аяқталуға жақын. Бұл жалпы қажеттіліктің 86%-ын құрайды.

Жыл соңына дейін жабдықтарды жеткізу мен баптауды аяқтап, шарттар жасалған барлық өңірде жобаны іске қосу жоспарланып отыр. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: