Главная Новости Қазақстанда Қытай мен Еуропадан жеткізудің қауіпсіз тізбегі құрылады
28 ақпан 2023, 08:20 1093

Қазақстанда Қытай мен Еуропадан жеткізудің қауіпсіз тізбегі құрылады

Қазақстанда Қытай мен Еуропадан жеткізудің қауіпсіз тізбегі құрылады

Еуразиялық кеңістікте трансшекаралық сауданы жүзеге асыру және электрондық коммерция үшін халықаралық логистикалық дәлізді ұйымдастыру мақсатында, «Қазпошта» АҚ, «WEA-Transport» GmbH (Германия) және «Huapengfei Co. Ltd» арасында меморандумға қол қойылды. Бұл – ҚР, ҚХР және ЕО уәкілетті экономикалық операторлары арасындағы үшжақты ынтымақтастықтың алғашқы меморандумы.

Меморандумға халықаралық логистикалық платформаны дамыту және тауарларды жеткізудің қауіпсіз тізбегін бірлесіп пайдалану мақсатында қол қойылды. Бұл келісім Қазақстан арқылы Қытайдан ЕО елдеріне көлік ағындары бойынша электрондық сауданы жүзеге асыруға мүмкіндік береді және Еуразиялық кеңістіктегі трансшекаралық саудаға қолдау көрсетуге бағытталған.

Арнайы кедендік жеңілдіктерді пайдалану кезінде, тауарларды кедендік декларациялауға кететін уақыт пен қаржылық шығындар барынша азайтылып, логистикалық тізбек оңтайландырылады, тауардың бір жерде тұрып қалу уақыты қысқарады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: