Главная Новости Қазақстанда мәдениет қызметкерлеріне арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды
27 желтоқсан 2024, 13:20 187

Қазақстанда мәдениет қызметкерлеріне арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды

Қазақстанда мәдениет қызметкерлеріне арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды

Жыл сайын профилактика және оңалту бағдарламасы бойынша 600 адамға қызмет көрсетіледі.

«Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен ашылған оңалту орталығында «Астана Опера» қызметкерлері ұзақ уақытқа созылатын қажырлы еңбектен кейін денсаулықтарын қалпына келтіре алады.

«Бұл – балет әртістерінің, оркестр мүшелерінің, Орталық Азиядағы ең ірі театр қызметкерлерінің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау үшін маңызды қадам. Орталықта кәсіби көмек қолжетімді болып, маңызды мәселе шешіледі», – деді «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов орталықтың ашылу рәсімінде.

Жыл сайын профилактика және оңалту бағдарламасы бойынша 600 адамға, атап айтқанда, балет әртістері, оркестр мүшелері және «Астана Опера» театрының өндірістік цех қызметкерлеріне қызмет көрсетіледі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: