Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі индустриалдық паркте орналасқан «Тұлпар» зауытынан шыққан, көпшілікке тальго деген атпен танымал вагондар бүгінде жүрдек пойыздар құрамында еліміздің түкпір-түкпіріне қатынап жүр. Енді отандық зауыт базасында жолаушылар вагондарының өндірісі қайта жанданып, жаңа еуропалық технологиямен шығарыла бастайды.
Бұл жолы «DB Engineering&Consulting» ұсыныстары негізінде халықаралық байқаудың нәтижесі бойынша швейцариялық «StadlerBussnang AG» компаниясы топ жарып, Қазақстанда жолаушылар вагондарын шығару жобасы бойынша серіктес деп танылып отыр.
Осы мәселеге қатысты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесе отырып, «Stadler» компаниясымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады. «Stadler» компаниясына келсек, ол жылжымалы құрам шығарумен 80 жылдан астам уақыт айналысады.
Stadler вагондарының артықшылықтары қандай?
Мамандар, әсіресе, вагондардың отын багы көлемінің сыйымдылығы басқа өндірушілермен салыстырғанда жолаушылар пойызының құрамына автономды режимде әлдеқайда ұзақ жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін айтып отыр. Жалпы алғанда, вагондардың техникалық сипаттамасы оларды жөндеудің жоспарлы түрлеріне ұзақ уақыт жұмсамай, яғни ағытпай-ақ жөндеу жүргізе беруге болатынын көрсетіп отыр. Құрамдар өз кезегінде үздіксіз тасымалдау процесін қамтамасыз етеді деген сөз.
Атап өтерлігі, елімізде швейцариялық вагондар өндірісін ұйымдастыру үшін жергілікті «Тұлпар» зауыты қызметкерлерінің Stadler зауыттарында біліктілігін шыңдауы жоспарланған. Бүгінгі таңда «ҚТЖ» ұлттық компаниясы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қатысуымен қаржыландыру мәселесін пысықтап, валюталық тәуекелдерді азайту бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.
Сұлугүл Бакесова
Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
85
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»
61
08 декабря 12:24
В Кокшетау строят современную ТЭЦ на технологиях «чистого угля»
99
05 декабря 17:59
QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады