Главная Новости Қазақстанда тасымалды контейнерлендіру бағдарламасы әзірленіп жатыр
19 сәуір 2024, 13:00 519

Қазақстанда тасымалды контейнерлендіру бағдарламасы әзірленіп жатыр

Қазақстанда тасымалды контейнерлендіру бағдарламасы әзірленіп жатыр

Қазақстанда жүктер мен тасымалды контейнерлендіру бағдарламасы әзірленіп жатыр. Қазір Қытайдан Еуропаға, Орта және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жүк ағынының өсіп жатқанын ескерсек, тасымалды контейнерлендіруге сұраныстың да артып отырғаны белгілі.

Жүкті және тасымалды контейнерлендірудің артықшылығына қатысты мультимодальды операторлардың өз ойлары бар. Айтуларынша, бүгінгі күні контейнерлерде тасымалдау тек теміржолмен шектелмей, әр түрлі көлік түрлерін біріктіруге, тиеу-түсіру уақытын қысқартуға, жүктердің зақымдану қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде, жеткізу уақыты мен шығындарды қысқартып, жеткізу тізбегіндегі өнімділікті арттырады.  

Қазақстанның көлік саясатында көздеген мақсаты «Жаңа жібек жолы» тұжырымдамасын әрі қарай дамыту. Ал бұл мақсат-міндетті орындауда «ҚТЖ» ҰК»АҚ еншілес ұйымы – «KTZ Express» АҚ компаниясының рөлі ерекше. Контейнерлік және вагондық тасымалдаудан бастап терминальдық инфрақұрылымды және кедендік ресімдеуді ұсынуға дейінгі барлық көліктік-логистикалық қызметтерді ұсынатын мультимодальды оператор қарамағында бүгінде 4500 астам контейнер бар. Олардың арасында 2 500 астамы 20 футтық, 1500 астамы 40 футтық, 430 бірлігі 45 футтық әмбебап контейнерлер болып отыр. Жоғарыда атап өткен жүктер мен тасымалдауды контейнерлендіру бағдарламасы Көлік министрлігі тарапынан ҚР көлік-логистикалық әлеуетін 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде әзірленіп жатқанын атар едік.  

Бұдан бөлек, ведомство мәліметінше, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі тарапынан теміржол вагондарының паркін жаңарту жоспарланған. Барлығы 100 жолаушы вагоны мен 3 мың жүк вагоны сатып алынбақ. Және де бұл жылжымалы құрамдар тек қазақстандық зауыттарда шығарылған отандық өнім болмақ. Бұл өз кезегінде отандық өндірісті дамытуға және қосымша жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды.  

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: