Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында саладағы жұмысшы мамандықтардың беделі мен мәртебесін арттыру үшін қандай шаралар қабылданатынын айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
- Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу аясында 15 кәсіби стандартты бекіту көзделген. Оқу орындарымен бірлесіп жаңа мамандықтардың білім беру бағдарламалары әзірленеді. Колледждер арасында дуалды білім беру жүйесі кеңейтіледі. Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерге арналған бейінді мамандардың қатысуымен көшпелі дәрістер өткізу жоспарланған, - деді Марат Қарабаев.
Министр саладағы жұмысшы мамандықтарды насихаттау үшін кәсіби конкурстар өткізілетінін атап өтті.
- «Жас үздік маман», «Үздік байланысшы», «Үздік жолсерік» және басқа да номинацияларды көздейтін конкурстар өткізіледі. Көлік саласындағы кәсіпорындармен «Ашық есік күндері» ұйымдастырылады.
Осы шараларды жүзеге асыру жұмысшы мамандықтардың имиджін жақсартуға, жастардың көлік саласына қызығушылығын арттыруға және оларды жұмысшы мамандықтарға тартуға мүмкіндік береді, - деді Көлік министрі.