Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес 2024 жылы Қазақстан 605 мың тонна полимер импорттады — бұл 2023 жылмен салыстырғанда 29%-ға көп.
Ең көп сұранысқа ие пластик — полиэтилен. 2024 жылы Қазақстандағы полиэтиленді тұтыну көлемі 310 мың тоннаға жетті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 214 мың тонна болған. Бұл қажеттіліктің басым бөлігі шетелден жеткізіледі. Импортқа тәуелділікті азайту үшін ішкі ресурстарды тиімді пайдаланып, өңдеу саласын дамыту маңызды.
Елде ауқымды мұнай-газ-химия жобалары жүзеге асырылып жатыр: Жобалық қуаты жылына 1,25 млн тонна болатын полиэтилен өндіру зауыты. Бұл кәсіпорын 20-дан астам маркадағы полиэтилен шығарады, оның 40%-ы — премиум санатындағы өнімдер.
Қуаты шамамен 735 мың тонна болатын ТФҚ-ПЭТФ жобасы. Полиэтилентерефталат — елде ең көп қолданылатын полимерлердің бірі. 2024 жылы оның тұтыну көлемі 91 мың тоннаны құрады.
Аталған жобаларды іске асыру: ішкі сұранысты жабуға, импортқа тәуелділікті азайтуға, Қазақстандағы өңдеу саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.