Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ернат Бердіғұлов 1987 жылы дүниеге келген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
2010 жылы Президенттік «Болашақ» стипендиясы бойынша Торонто университетін (Канада) «Мемлекеттік саясат және халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2018 жылы Уорик университетінде (Ұлыбритания) «Бизнес әкімшілігі» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Сондай-ақ Гарвард бизнес мектебінің түлегі.
Еңбек жолын 2010 жылы «Семізбай-U» ЖШС бастаған. 2011–2019 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ-да жұмыс істеген.
2019–2021 жылдары Whiteshield Partners халықаралық консалтингтік компаниясында жобалар жетекшісі қызметін атқарды.
2021–2022 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ стратегия, орнықты даму және цифрлық трансформация жөніндегі қос-басқарушы директор қызметін атқарды.
2022 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі болып еңбек етті.
«ҚазМұнайГаз» АҚ, «QazaqGaz» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ және «Қазақстан темір жолы» АҚ сияқты ұлттық компаниялардың директорлар кеңесінің құрамына кірген.