Главная Новости Қазақстандық бизнес жайлы мектептер үшін жиһаз өндіруге кірісті
24 сәуір 2024, 09:14 215

Қазақстандық бизнес жайлы мектептер үшін жиһаз өндіруге кірісті

Қазақстандық бизнес жайлы мектептер үшін жиһаз өндіруге кірісті

Жайлы мектептердің мердігерлері отандық жиһаз компанияларымен келісімшартқа отыра бастады. Бүгінгі таңда бас мердігерлер мен отандық өндірушілер арасында парталар, орындықтар, шкафтар және басқа да мектеп жиһазын өндіріп, жеткізу бойынша 46 шартқа қол қойылды.

Мысалы, Алматы облысында биыл 26 жайлы мектепті тапсыру жоспарланса, 11 нысан бойынша жиһаз жеткізушілері анықталып, өндіріске кірісіп кеткен. Түркістан облысында салынып жатқан 29 мектептің 8-і бойынша шарттар дайын. Аталған мәселе СҚО мен Ұлытау облысында толығымен шешілді, ал қалған өңірлерде бұл бағытта белсенді әрі  жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Айта кетейік, жиһаздың барлық позициялары бойынша түсі, дизайны және басқа да сыртқы сипаттамалары тиісті облыстар мен мегаполистердің білім басқармаларымен келісіледі.

Үкіметтің ұлттық жобаны іске асыру туралы Қаулысына сәйкес жайлы мектептерге арналған жиһаз тек «Самұрық-Қазына» қорының тауар өндірушілер тізіліміне және «Атамекен» ҰКП отандық өндірушілер тізіліміне енгізілген қазақстандық компаниялардан ғана сатып алынуы тиіс. Міндетті талап – отандық тауар өндіруші мәртебесін растайтын «СТ-KZ» сертификатының және индустриялық сертификаттың болуы.

Отандық өндірушілерді қолдау және жергілікті кәсіпкерлермен ынтымақтастық орнату арқылы ғана ұлттық жоба еліміздің игілігі үшін жұмыс істей отырып, аймақтық экономиканың тұрақты дамуына ықпал етеді.

Осылайша, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы отандық кәсіпорындарды үлкен тапсырыстармен қамтамасыз ете отырып, Қазақстанда жиһаз индустриясын дамытуға серпін береді және жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал етеді.

Жосықсыз компаниялардың жергілікті өнім ретінде импорттық тауарларды ұсынуын болдырмауға ерекше назар аударылады. Мұндай әрекеттерге жол берілмейді, өйткені жайлы мектептердің бас мердігерлері ай сайын елішілік құндылық үлесінің көрсеткіштері бойынша есеп беріп отыруға міндетті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: