Главная Новости Қазақстандық оқушылар «Самұрық-Қазына» қолдауымен АҚШ-та өткен әлемдік финалда 12 жүлде жеңіп алды
12 мая 2026, 11:04 49

Қазақстандық оқушылар «Самұрық-Қазына» қолдауымен АҚШ-та өткен әлемдік финалда 12 жүлде жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар «Самұрық-Қазына» қолдауымен АҚШ-та өткен әлемдік финалда 12 жүлде жеңіп алды

Қазақстандық робот-техника командалары АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен FIRST LEGO League әлемдік финалына қатысты. Төрт күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша олар чемпионаттың түрлі санаттарында жоғары нәтиже көрсетіп, 12 жүлде алды.

Tolebi Daryn командасы (Түркістан облысы) FIRST LEGO League Challenge санатында әлемнің үздік 5 командасының қатарына еніп, Champions Award финалисі атанды. Tidal Tumble (Орал) Robot Game санатында 545 ұпайдың 535-ін жинады, ал Nomadic Dragons (Астана) ширек финалға шығып, өз дивизионында альянстар арасында үздік төрттікке кірді.

Сондай-ақ, қазақстандық командалар Core Values Award, Team Model Award, Gracious Professionalism Award, Sustainability Award, Reach Award және Think Award номинациялары бойынша марапаттарға ие болды.

Жалпы халықаралық аренада ел намысын 225 оқушы қорғады. Олар «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен Астанада өткен Alem Tech Fest – 2026 робот техникасы және технологиялар фестивалінің қорытындысы бойынша халықаралық шараға жолдама алған еді.

Қазақстандық оқушылардың жетістігі – қор компаниялары тобының елде STEM-білім мен робот техникасын дамыту бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: