Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ақтөбе рельс-арқалық зауыты Ресей елінде өткен халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты. Елуден астам елдің өкілінің басын қосқан «ИННОПРОМ-2023 «Тұрақты өндіріс: жаңарту стратегиялары» XIII Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі заманауи озық технологияларды көрсетуге арналды.
Ақтөбе рельс-арқалық зауыты халықаралық көрмеге Қазақстан Республикасының Ұлттық Экспозициясы құрамында қатысты. Жаһандық платформа алаңында қазіргі заманғы өнеркәсіптің өзекті тақырыптары бойынша спикерлер сөз алып, кәсіп иелеріне әлем елдері арасында серіктестік орнатуға мүмкіндік туды. Көрмеде Ресейдің, Қазақстанның және басқа да шет елдердің инвестициялық әлеуеті жоғары өндіріс орындары қатысты. Сондай-ақ цифрлық өндіріс, металл өңдеу, көлік машина жасау, қалаларға арналған технологиялар, өнеркәсіптік ақпараттық технологиялар, энергетикаға арналған технологиялар, жаңа материалдар, компоненттер өндірісі туралы ақпараттар болды.
«Сауда өкілімен диалог – экспортты ілгерілетуде қолдау, әлеуетті серіктестерді іздеу, инвестициялар тарту, шетелдік жеткізушілерді іздеу үшін мұндай көрмелердің маңызы зор. Және Қазақстан Республикасының ұлттық экспозициясы құрамында тұрақты шақырту алуымыз біз үшін жетістік», – деп АРБЗ өкілдері көрмеге қатысты өз ойларымен бөлісті.
Халықаралық көрмеде «АРБЗ» ЖШС өнімдеріне қызығушылық танытқандар көп болған. Қажетті жабдықтар шығаратын фирмалар компания өкілдерімен байланыс орнатты. Компанияның ұзын өлшемді рельстері жоғары бағаланып, олардың жоғары жылдамдықты магистральдарда, сондай-ақ жүктемесі көп тасымалдау желілерінде тиімділігі дәлелденген. Бұл теміржол төсемін салу кезінде қаржылық шығындарды азайтып қана қоймай, теміржол құрамының да, рельстердің де тозуға қарсы төзімділігін арттырады. Осындай сапалы өнім ұсынып отырған компания халықаралық көрмелерге жиі шақырылады. Қазіргі таңда Ақтөбе рельс-арқалық зауыты шығаратын рельстер ішкі нарықтан бөлек, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Грузия, Түркіменстан, Ресей және Эстония елдерінің қызығушылығын тудырып, серіктестік байланыс орнатуға себепші болып отыр.
Ардақ Ерубаева
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
116
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»
65
08 декабря 12:24
В Кокшетау строят современную ТЭЦ на технологиях «чистого угля»