Главная Новости Қазақстандық туристер жолаушылар пойыздарымен тасымалданады
12 қаңтар 2022, 13:57 872

Қазақстандық туристер жолаушылар пойыздарымен тасымалданады

Қазақстандық туристер жолаушылар пойыздарымен тасымалданады

Алматы әуежайы арқылы елге орала алмайтын туристер Нұр-Сұлтан әуежайына қайта бағытталады. Оларды Алматыға темір жол көлігімен жеткізеді.

Осыған байланысты, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп, елордалық вокзалдарға арнайы автобустармен туристер трансферін ұйымдастырды. Вокзалдардағы билет кассалары тәулік бойы жұмыс істейді.

Уәкілетті орган туристердің келуі туралы ақпаратты ұсынуына қарай Нұр-Сұлтаннан жолаушыларды жөнелтуді ұйымдастыратын болады.

Қазіргі уақытта барлық жолаушылар пойыздары кесте бойынша және Қазақстанның барлық бағыттарына жүреді. Барлық пойыздарға т/ж билеттері бар. Нұр-Сұлтаннан шығатын пойыздарға жол жүру құжаттарының (билеттердің) тапшылығы жоқ.

Билеттер туралы толығырақ ақпаратты BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан және Кaspi.kz мобильдік қосымшасының «ҚТЖ билеттері» бөлімшесінен білуге болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: