Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2025 жылдың 1 шілдесінен бастап 35 қазақстандық түлек испандық Tecnicas Reunidas (TR) инженерлік компаниясының бағдарламасы аясында оқуды бастады. Бағдарлама «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен серіктестікте әзірленіп, отандық мамандардың инженерия және жобаларды басқару саласында біліктілігін арттыруға бағытталған. Бұл — төрт жылдық бастаманың алғашқы легі.
Бағдарлама аясында Қазақстанның бейінді оқу орындарының 140 түлегі Испанияда білім алады. Қатысушыларды TR компаниясы іріктеді. Таңдалған қатысушылардың жартысына жуығы Атырауда орналасқан Атырау мұнай және газ университеті мен APEC PetroTechnic колледжінің түлектері.
Сонымен қатар бағдарлама жеңімпаздарының қатарында Қазақстан-Британ техникалық университеті (Алматы), Nazarbayev University (Астана), Satbayev University (Алматы) және Yessenov University (Ақтау) түлектері де бар. Олардың барлығы инженерлік бағытта білім алған: химия инженериясы, құрылыс және экология инженериясы, механика және аэроғарыш инженериясы, автоматтандыру мен процестерді басқару және т.б.
Бағдарламаның бірінші кезеңі үш айлық онлайн курстан басталады. Оны аяқтаған соң қатысушылар TR компаниясының Мадридтегі бас кеңсесінде тағылымдамадан өтеді. Жалпы оқу мерзімі 6 айға созылады. Тағылымдама барысында қатысушылар TR компаниясының өз мамандықтарына сәйкес инженерлік департаменттерінде тәжірибе жинақтайды.
Бағдарламаны толық TR қаржыландырады. Түлектер оқуды аяқтағаннан кейін TR компаниясының әлемнің түкпір-түкпіріндегі жаһандық жобаларына қатысуға мүмкіндік алады, соның ішінде Атырау облысындағы полиэтилен өндіретін болашақ Силлено зауытының пиролиз қондырғысының құрылысы бар.
Бағдарлама Қазақстанда 2025 жылы Президент шешімімен жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылының басым міндеттеріне сай келеді. Аталған бастама жас мамандардың инженерия саласындағы біліктілігін арттыруға және ел ішінде, шетелде ірі өндірістік жобаларды іске асыра алатын жаңа буын мамандарды дайындауға бағытталған.
Анықтама Tecnicas Reunidas — әлем бойынша 1000-нан астам өнеркәсіптік жобаны іске асырған, 60 жылдық тәжірибесі бар Испанияның инженерлік компаниясы. 25 елде орналасқан компания филиалдарында 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
69
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
78
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы