Главная Новости Қазақстандық түлектер Испанияда білімін жетілдіруде
06 ноября 2025, 14:51 189

Қазақстандық түлектер Испанияда білімін жетілдіруде

Қазақстандық түлектер Испанияда білімін жетілдіруде

Жас инженерлер Мадрид қаласында оқу бағдарламасының тәжірибелік кезеңін бастап кетті. Айта кетсек, бағдарламаны Испанияның Tecnicas Reunidas (TR) инженерлік компаниясы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен серіктестікте әзірледі. Ол отандық мамандардың инженерия және жобаларды басқару саласында біліктілігін арттыруға бағытталған.

Оқудың алғашқы теориялық кезеңі онлайн форматта өтіп, жобалық инжиниринг негіздерін қамтыды. Қазіргі кезде Испанияда өтіп жатқан екінші модуль TR компаниясының салалық департаменттерінде тәжірибеден өтуге бағытталған. Жыл соңына дейін қатысушылар алған білімдерін тәжірибеде қолдана отырып, ірі өнеркәсіптік жобаларды іске асырудың заманауи әдістерін меңгереді. Бағдарламаны толығымен испаниялық тарап қаржыландырады. Бірінші ағымның жартысын атыраулық жоғары оқу орындарының түлектері құрайды: Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мен APEC PetroTechnic жоғары колледжі.

Сонымен қатар, қатысушылар қатарында Қазақ-Британ техникалық университеті (Алматы), Nazarbayev University (Астана), Satbayev University (Алматы) және Yessenov University (Ақтау) студенттері бар. Барлық қатысушының химиялық, құрылыс, экологиялық, механикалық және аэроғарыштық инженерия, сондай-ақ процестерді автоматтандыру және басқару сияқты бағыттар бойынша инженерлік білімі бар.

Тәжірибелік кезең қазақстандық мамандарға кәсіби құзыреттерін арттыруға, халықаралық тәжірибе алуға және ірі жобаларға қатысуға дайындалуға мүмкіндік береді. Бағдарлама аяқталған соң үздік түлектер Силлено жобасына — Атырау облысында салынып жатқан полиэтилен зауытының құрылысы жобасына немесе Tecnicas Reunidas компаниясының әлемдік жобаларына қосыла алады.

Анықтама Tecnicas Reunidas — Атырау облысындағы жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыттың пиролиз қондырғысының құрылысына жауапты EPC-мердігерлердің бірі. Испаниялық инженерлік компания әлем бойынша мыңнан астам өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асырған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: