Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ҚР мен ҚХР шекаралық темір жолдарының жұмысы қорытындыланды. Қазақстан Қытайға темір жол көлігімен жүк экспортын ұлғайтып жатқаны атап өтілді. ҚР-дан ҚХР-ға 8,3 млн тонна түрлі жүк жөнелтілсе, бұл өткен жылдың алты айынан 37%-ке артық.
Бірінші жартыжылдықта астық жүктерінің экспорты үш есеге, 1 млн тоннаға дейін, металл кені 15%-ке, 4 млн тоннаға дейін, оның ішінде 2,6 млн тонна темір кені өсті, бұл өткен жылғы қаңтар-маусым деңгейінен 25%-ке артық. Сонымен қатар 220 мың тонна түсті металдар экспортталып, өткен жыл көрсеткішіне өсім 55% құрады және де 75 мың тонна өсімдік майы (70%-ға).
Қытайдан Қазақстанға жүк импорты 2023 жылғы қаңтар-маусымда 13%-ке, 5,4 млн тоннаға дейін өсті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жеңіл автомобильдер 13%-ке, құрылыс жүктері - 30%-ке, ал химиялық жүктер-5%-ке көп импортталды.
Елдер арасындағы теміржол көлігімен тасымалдау көлемі 13,7 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ке артық.
Екі елдің шекара маңы станциялары ұжымдарының бірлескен шаралары мен үйлесімді жұмысы Қытаймен шекара өткелдері арқылы теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға ықпал етеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!