Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Энерго» АҚ энергия өндіруші ұйымдарының электр энергиясын өндіру көлемі 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында 35 884,4 млн.кВтсағат құрады. 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда электр энергиясын өндіру көлемі 275,1 млн кВтсағатқа ұлғайды немесе 0,8% құрады. Бұл туралы компанияның сайтына орналастырылған Қазақстандағы 2022 жылғы қаңтар – желтоқсан айларындағы электр энергиясы мен көмір нарығына жасалған талдамалық есепте айтылды.
Жасалған талдауға сәйкес, жалпы алғанда ҚР барлық электр станциялары Жүйелік оператордың деректері бойынша 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 112 865,9 млн кВтсағат электр энергиясын өндірді, бұл 1 582 млн кВтсағ-ға немесе 2021 жылғы ұқсас кезеңнен 1,4%-ға аз. Қазақстан БЭЖ-нің Солтүстік аймағы бойынша өндірістің азаюы байқалды.
Көрсетілген кезеңде республика бойынша электр энергиясын тұтыну динамикасында 2021 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 945,7 млн кВтсағ немесе 0,8%-ға төмендеу байқалды.
Есеп деректеріне сүйенсек, Қазақстанда 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 113 931,4 мың тонна тас көмір өндірілді, бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2%-ға артық.

2022 жылғы 12 айда «Самұрық-Энерго» электр энергетикалық холдингінің құрылымындағы көмір өндіруші компания «Богатырь Көмір» ЖШС 42 473,2 мың тонна өндірді, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,8%-ға аз (44 632 мың тонна). 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда сатылған көмір 42 409,4 мың тоннаны құрады, оның ішінде ҚР ішкі нарығына 32 324,9 мың тонна және экспортқа (РФ) – 10 084,5 мың тонна сатылды.
ЖЭК (күн электр станциялары, жел, биогаз қондырғылары, шағын ГЭС) пайдалану бойынша Қазақстандағы объектілердің электр энергиясын өндіру көлемі 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 4 642,7 млн кВтсағ құрады. 2021 жылғы қаңтар- желтоқсанмен салыстырғанда (4163,6 млн кВтсағат) өсім 854,2 млн кВтсағ немесе 20,5% құрады.
«Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК (СЭС, ЖЭС, шағын ГЭС) нысандарының электр энергиясын өндіруі 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 417,5 млн кВтсағ құрады, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңмен (310,2 млн кВтсағ) салыстырғанда 34,6%-ға жоғары. «Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК электр энергиясының үлесі 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда ҚР-да ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясы көлемінің 8,3% құрады, ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 7,5% құраған болатын.
Қазақстандағы Электр энергиясы мен көмір нарығын талдаудың 2021 жылғы қаңтар – желтоқсан аралығындағы толық ақпаратымен осы жерден танысуға болады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
230
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи