Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2025 жылдың 31 наурызында Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында полиэтилен өндіретін «Силлено» зауытының алғашқы қазығы қағылды.
Ауқымды құрылысты Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, СИБУР-дың басқарма мүшесі — атқарушы директоры Павел Ляхович және Sinopec компаниясының аға вице-президенті Ван Тао бастады.
Жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін және инвестиция көлемі $7 млрд астам құрайтын зауыт құрылысын 2028 жылы аяқтап, өндірісті 2029 жылы іске қосу жоспарланып отыр. «Силлено» Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі ауқымды жобалардың бірі болмақ. Зауыт негізгі өнеркәсіп салаларында қолданылатын 20-дан астам полиэтилен түрін шығаруға қауқарлы. Жоба құрылыс кезеңінің өзінде ұлттық экономикаға мультипликативті оң әсер тигізіп, Қазақстанның шикізаттық емес экспортын арттыруға ықпал етеді. «Силлено» өнімдері елдегі полиэтилен импортының 90%-ын алмастыра алады, осылайша кәсіпорынның маңызы арта түспек.

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2024 жылы Қазақстанның полиэтилен нарығы шамамен 300 мың тоннаға жетті. Ал сарапшылардың бағалауы бойынша 2035 жылға дейін бұл көрсеткіш 400 мың тоннаға дейін өсуі мүмкін. Қазақстандық тұтынушылардың полиэтиленге деген негізгі сұранысын «Силлено» қамтамасыз етуге дайын.
Зауыттың құрылыс кезеңінде шамамен 8000 жұмыс орны, ал өндіріс басталғаннан кейін 800 жұмыс орны ашылады. Полиэтилен өндірісіне шикізат ретінде этан қолданылады. Ол «Теңізшевройл» компаниясының кен орындарынан алынған газдан ҚМГ жүзеге асыратын Газосепарациялық кешенде өңделеді. Одан әрі этан магистралды құбыр арқылы Силленоға жеткізілетін болады. Құбыр құрылысын ҚМГ жүргізеді.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
75
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
83
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы