Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николя Ралломен кездесті. Тараптар Қазақстанның Jet A-1 авиаотынының халықаралық стандартына көшуі және тиісті инфрақұрылымды жаңғырту мәселелерін талқылады.
А.Хасенов ҚМГ-ның мұнай өңдеу зауыттары Jet A-1 маркалы авиаотынды өндіруге техникалық тұрғыдан дайын екенін айтты. Оны қолданысқа кеңінен енгізу үшін отандық әуежайлардың инфрақұрылымын қосымша дайындау қажет.
— Осыған байланысты ҚМГ өзінің еншілес компаниясы «ҚазМұнайГаз-Аэро» арқылы еліміздегі әуежайларда тиісті инфрақұрылымды салып, оны жаңғыртуға бағытталған бірқатар инвестициялық жобаға бастамашы болды. Бұл жұмыстар дәстүрлі авиациялық отынды да, SAF тұрақты авиациялық отынды да сақтау үшін қажет. ICAO-мен ынтымақтастық сертификат алу процестерін және халықаралық стандарттарға сәйкестігін жеделдетуге мүмкіндік беретініне сенімдімін, — деп атап өтті ҚМГ басшысы.
Аталған жобалар әуе айлақтарына арналған су жаңа отын құю машиналарын сатып алуды көздейді. Инвестицияның жалпы көлемі 15 млрд теңгеге бағаланады.
Бұдан басқа, Қазақстанда SAF тұрақты авиациялық отын өндіру зауытын салу жөніндегі жобаны іске асыру барысы қаралды. LanzaJet және BioOperations компанияларымен бірлесіп іске асырылып жатқан жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Қазақстанның Jet A-1 отынына көшуі SAF пайдалану үшін қажетті талаптардың бірі екенін атап өткен жөн.
— Аталған жобаны жүзеге асыру Қазақстанға SAF өндірісі бойынша өңірдің көшбасшысы болуына мүмкіндік береді деп есептейміз. Сондай-ақ бұл авиация саласының экологиялық көрсеткіштерін жақсартуға және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал етеді, — деп атап өтті А.Хасенов.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық маңызды бағытта жұмысты күшейтуге дайын екендіктерін растады.


10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
156
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете