Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстанда жасалған «Satti» өзі көтерілетін қалқымалы алғашқы теңіз бұрғылау қондырғысы Каспий теңізінің Түркіменстан секторындағы Шелекен кен орнында бұрғылау жұмыстарын бастайды. «Satti» — бұл күрделі теңіз жағдайларында бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған, озық технологиялармен толық жабдықталған бірегей қондырғы.
2021 жылы модификациядан өткеннен кейін оның жүк көтеру қуаты 453 тоннадан 680 тоннаға дейін артты. Нәтижесінде ауқымды жобалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Қондырғы 6 мың метрге дейінгі тереңдіктегі ұңғымаларды бұрғылай алады.
Шетелдегі жобаларда «Satti» платформасының табысты пайдалануы Қазақстанның жоғары сапалы қызмет көрсетіп, әлемдік деңгейде күрделі мұнай-газ жұмыстарын орындау қабілетін растап отыр.
Алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстарға байланысты Ашхабад қаласында «KMG Drilling and Services» компаниясының («Satti» қондырғысын иелік ететін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес кәсіпорны) филиалы ашылды, бұл Түрікменстандағы қызметтерді жедел әрі тиімді атқаруға мүмкіндік береді. KMG DS филиалының ашылу салтанатына ҚМГ басшысы Асхат Хасенов қатысты.

Бұл іс-шара еліміздің халықаралық мұнай сервисі қызметі нарығына қатысуын кеңейте отырып, Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайта түсуде.
Биыл тамыз айында KMG DS және Dragon Oil Turkmenistan Limited Каспий теңізінің түркімен секторында бұрғылау жұмыстарын жүргізуге келісімшарт қабылдаған болатын.
131
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
317
02 марта 16:44
В Богатырь Комир прошел спортивный праздник к Международному женскому дню
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
164
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету