Главная Новости Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын жаңғырту
10 марта 2026, 12:22 51

Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын жаңғырту

Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын жаңғырту

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділ Қазақстан – барлығы үшін және әрқайсысы үшін» бағдарламасын іске асыру шеңберінде елдің теміржол инфрақұрылымын жүйелі жаңғырту жалғасуда.

2023-2029 жылдарға 11 мың шақырым темір жолды жаңарту жоспарланған. Бұл бағдарламаны іске асыру пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін көтеруге, магистральдық желінің өткізу қабілетін арттыруға және көлік саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

2023-2025 жылдар қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіш 4 214 километр болған кезде 4 448 шақырым жол жөнделді. Осылайша, жоспар 234 шақырымға асыра орындалды, бұл бағдарламаны іске асырудың тұрақты динамикасын көрсетеді. 2026 жылы 1577 шақырым темір жолды жөндеу жоспарланған. Ағымдағы жылдың өндірістік бағдарламасы еліміздің оңтүстік өңірлерінде бастау алды.

Барлық дайындық іс-шаралары белгіленген мерзімде орындалды, бұл жол жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасын дәйекті іске асыру Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін нығайтуда және заманауи, сенімді әрі қауіпсіз көлік жүйесін қалыптастыруда маңызды қадам болып табылады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: