Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бельгия астанасы Брюссель қаласында Еуропалық Одаққа мүше 27 елдің авиациялық билік орындары басшыларының қатысуымен Еуропалық Одақтың Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Комитетінің отырысы өтті, онда Қазақстанның азаматтық авиация саласындағы ахуал және ұшу қауіпсіздігі жөніндегі есебі тыңдалды. Бұл туралы ИИДМ Баспасөз қызметі хабарлады.
ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастаған, құрамында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Азат Бектұров, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директоры Каталин Раду, ҚР Бельгиядағы Елшілігінің және «Эйр Астана» әуекомпаниясының өкілдері бар қазақстандық делегация Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі саласындағы ілгерілеуі мен қабылдап жатқан шаралары туралы баяндады.
Сондай-ақ, қазақстандық тарап Халықаралық азаматтық авиация ұйымының аудиторларының ИКАО-ның Үйлестірілген валидациялық миссиясы шеңберінде тәуелсіз тексеруі туралы хабардар етті, онда Қазақстан ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 74%-дан 84%-ға дейін арттырды, бұл орташа әлемдік көрсеткіштен 15%-ға жоғары.
Еуропалық Одақтың Ұшу қауіпсіздігі комитетінің мүшелері Қазақстан қол жеткізген нәтижелерді жоғары бағалады және Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыру жөніндегі күш-жігерін қолдады.
Қазіргі уақытта қазақстандық әуе компаниялар үшін Еуропа елдеріне ұшуға шектеулер жоқ екенін атап өту қажет.
Қазақстандағы ағымдағы ұшу қауіпсіздігі жағдайының ресми бағасын Еуропалық Одақ ағымдағы жылдың маусым айының басында жариялайтын болады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
53
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
59
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы