Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазақтелеком» халық саны 266 мыңнан асатын 1600 ауылды интернет желісіне қосу бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды, деп хабарлады 31 арна.
Жиын барысында «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы өкілдері 2021 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Болат Жәмішев төрағалық еткен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының Қоғамдық кеңесі «Қазақтелекомның» өткен жылғы қызметі бойынша есебін тыңдады.
Бүгінгі таңда байланыс операторы 1,8 миллионнан астам абонентті кең жолақты интернетпен қамтып, 15 млн-ға жуық тұтынушыға мобильді байланыс қызметін ұсынып отыр. 6 406 елді мекенді интернетпен қамтамасыз еттік деген Қуанышбек Есекеев биыл қала маңындағы елдімекендерге интернет тартылатынын жеткізді.
«Қазіргі таңда Қазақтелеком тобының мақсаты – клиенттердің сенімінен шығып, қажетін қанағаттандыру. Қала маңындағы елдімекендерге талшықты-оптикалық желіні тарту да оңай емес. Дегенмен биыл Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары жанындағы елдімекендерге жаңа технологияны қолданып, интернет қосқалы жатырмыз», – деді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Ірі байланыс операторы кеңесте сандарды сөйлетіп, деректерді бүкпесіз жайып салды. Дивиденттер мен кіріс шығысты көрсетті. Былтырғы жылы 97,4 млрд таза пайдамен шыққан Қазақтелеком, адами капиталды дамытуға да басымдық беретінін алға тартты. Компанияда қазір 22 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Ұлттық оператор биыл «Қызметкерлерді әлеуметтік қорғау жылы» деп жариялап, мамандардың дамуы мен әлеуметтік жағдайына баса ден қоятындарын жеткізді.
«Келесі айда Нұр-Сұлтан мен Алматыда біздің қызметкерлердің балаларына «IT және робот техникасы» лагерін ашып жатырмыз. Келешекте аймақтағы жұмыскерлердің балаларына жоғары және орта білім оқу орындарына түсуге көмек беру бағдарламасын және сол секілді әлеуметтік шараларды қабылдап жатырмыз», – деді «Қазақтелеком» АҚ персонал бойынша басқарушы директоры Берік Битабаров.
Компанияның тұғырлы тағы бір міндеті – тұтынушылар үшін қолайлы жағдай жасап, байланыспен қамту. Осы орайда 1600 ауылды кең жолақты желімен қамтып, осы жерде тұратын 300 мыңға жуық халықты байланыс аясына шығару.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
48
09 декабря 13:41
Люди большой станции: истории тех, кто обеспечивает путь казахстанской нефти
63
09 декабря 12:49
ҚТЖ қызметкерлері Халықаралық еріктілер күнінде жоғары марапатқа ие болды