Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жыл соңына дейін "Қазақтелеком" Өскемен, Семей, Павлодар және Екібастұз қалаларында 10 мыңнан астам пәтерді қамтитын 100-ден астам көппәтерлі үйді "оптикаға" қосуды жоспарлап отыр.
Бүгінгде тек Шығыс Қазақстан облысында 69 мың тұрғын интернетпен қамтамасыз етілген, оның 66% талшық бойынша. Жақында телеком-оператор өз желісіне Өскемендегі "Altyn Uya" және "Оазис" атты тағы 2 жаңа тұрғын үй кешенін қосты. Осылайшп 160-тан астам отбасы жаңа қонысқа көше салысымен бірден жоғары жылдамдықты интернетті пайдалана алады. Абылай Мұратжанов - алғаш қосылған тұрғынның бірі.
"Модемді орнату кезінде Қазақтелеком мамандары Wi-Fi жылдамдығы Интернет сигналын кері қайтаратын қабырға, айна секілді “кедергілерге” де байланысты екенін ескерткен болатын. Сондай - ақ, кешке бүкіл отбасы жиналған кезде, бірнеше гаджет, соның ішінде теледидар қосылса да байланыс сапасы төмендемейтін” - деді "Оазис" ТК тұрғыны Абырай Мұратжанов.
Клиенттерді "оптикаға" сымсыз технология бойынша көшіріп, қостыру ШҚО ауылдарында да жүргізіледі - жыл басынан бері "радио көпірлер" орнату есебінен Мамырсу, Қарауыл, Жұмба, Жалаңаш, Подгорное, Қойтас, Қабырға, Свинчатка ауылдары Интернетке қосылды.
"Қазақтелеком" тұрғындардың цифрлық технологиялардың: жаңа кино туындыларын тамашалау, қашықтан оқу және жұмыс істеу, маркетплейстерде сауда жасап, жалпы кез келген уақытта желіде болу секілді барлық артықшылықтарын пайдалана алуы үшін үшін интернетпен қамту аймағын кеңейтіп, байланыс сапасын жақсарту мақсатында үнемі жұмыс істейді. Бүгінде "оптикаға" Өскеменде 38 мыңнан астам пәтер қосылған", - деп хабарлады" Қазақтелеком " АҚ Бөлшек бизнес дивизионының шығыс өңірлік В2С-сегментінің коммерциялық директоры Қарлығаш Мұхаметрахимова.
Көршілес Абай облысының Аягөз қаласы мен Мамырсу ауылында GPON технологиясына тұрғын үй кешені қосылды, ал жыл соңына дейін "Қазақтелеком" - Қарауыл, Айнабұлақ, Самай, Қаражал, Успенка, Сұлутал, Благодатное сынды тағы 7 ауылды сымсыз желіге қосады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
155
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»