Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстанда кең жолақты интернет желісінің даму үрдісінің келешегі туралы Нұр-Сұлтанда өткен «Цифрлық Қазақстанға бетбұрыс» атты халықаралық форум барысында талқыланды. Шараға отандық және шетелдік телеком саласының сарапшылары, салалық министрлік өкілдері мен телеком операторлар қатысты. «Қазақтелеком» АҚ Инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов алқалы жиында елдегі желілік инфрақұрылымның жағдайына өз бағасын беріп, трафикті тұтынудағы жаһандық трендтермен және желіні дамыту және жаңарту бағытындағы жоспарларымен бөлісті.
Нұрлан Мейірмановтың айтуынша трафикті және контентті тұтынудағы әлемдік тренд бүгінгі күні телеком-компаниялардан өз инфрақұрылымдарының құрылысында және дамуында экономикалық көрсеткіштерді сақтай отырып, трафикті тұтыну көлемінің экспоненциалды өсуін жоюға мүмкіндік беретін түбегейлі жаңа тәсілдерді және қағидаларды қолдануды талап етеді. Мысалы қызметтердің бағасы немесе желінің қаражат шығыны.
«Желідегі шамамен 80%трафик – Meta, Google, Amazon және т.б жаһандық цифрлық платформалар сервистеріне тиесілі. Жергілікті сервистердің, оның ішінде Egov.kz, банкинг, E-com, жергілікті цифрлық платформалар трафик көлемі желіге ауыр салмақ түсірмейді. Біз ірі цифрлық платформалардың 60% оқшауладық, осылайша қазақстандықтар арасында сұранысқа ие сервистердің сапалық көрсеткіштерінің жақсаруын қамтамасыз еттік», - деп атап өтті форум барысында «Қазақтелеком» АҚ инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов.
Естеріңізге салсақ, бүгінгі күні «Қазақтелеком» өз желілерін және инфрақұрылымын тұрақты дамыта отырып,мемлекетке, бизнеске және тұрғындарға заманауи телекоммуникация қызметтерін және сервистерің ұсынатын ірі жеткізуші.Мысалы, 2020 жылы компания ауылдық елді мекендерге талшықты-оптикалық байыланыс желісінің құрылысы бойынша ауқымды жобаны жүзеге асырды. Екі жылда телеком-оператор 14,5 мың шақырымнан астам «оптиканы» республика аумағына тартып, 828 ауылды және ондағы 2,5 мыңнан астам мемлекеттік және бюджеттік мекелерді кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз етті.
Жасалған инфрақұрылым қазақстандықтарды барлық заманауи телекоммуникация қызметтерімен және сервистерімен қамтамасыз етуге бағытталған басқа жобаларды жүзеге асыруға негіз болды. Әсіресе ұялы байланыс операторлары жүзеге асырып жатқан «250+» жобасы бойынша елді мекендерде базалық станциялар орнатылып, олар «Қазақтелекомның» магистралдық оптикалық желісіне қосылуда. Қазір компания еліміздің қалаларындағы жеке сектор тұрғындарын және жақын маңдағы ауылдарды интернетке қосу үшін Fixed Wireless Acc технологиясын белсенді дамытуда. Жыл соңына дейін оператор астанада, Алматыда, Ақмола және Алматы облыстарында 50-ден астам базалық станция орнатуды жоспарлауда.
«Біз ADSL технологиясы бойынша интернет желісі қызметіне қосылған 1 млн.тұтынушыға қызмет көрсетеміз. Жақын арада ADSL технологиясы бойынша қосылған абоненттерді GPON, XGS-PON және FWA сияқты оптикалық технологияларға ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Бұл интернет желісіне қосылу қызметінің сапасын түбегейлі жақсартады. Биыл 50 мың абонентті оптикаға көшіруді көздеп отырмыз. Тағы жарты милллиондай абонент алдағы бірнеше жылда ADSL технологиясынан оптикалық және сымсыз желіге ауыстырылады», – деп хабарлады «Қазақтелеком» АҚ инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов «Цифрлық Қазақстанға бетбұрыс» форумының қатысушыларына.
Сонымен қатар, «Қазақтелеком» республикадағы көпқабатты тұрғын үйлерді GPON технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты интернетке қосуды жалғастыруда. Бүгінгі күні мұндай желі Қазақстанның 24000 астам көпқабатты тұрғын үйге тартылып, пәтер иелеріне бір желі арқылы бірден бірнеше қызметтерді: жылдамдығы секундына 500 Мбит дейін болатын кең жолақты интернет, цифрлық теледидар және IP-телефония пайдалануға мүмкіндік ұсынылды.