Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Президентке «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобының 2022 жылы қол жеткізген негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері мен жүзеге асыруға жоспарлаған перспективті жобалары туралы мәлімет берілді, деп хабарлады Ақорда сайты.
Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, өткен жылы «Қазақтелеком» АҚ-ның негізгі қаржы және экономикалық көрсеткіштері өсті. Бұл биыл бірқатар ауқымды жобаны іске асыруға мүмкіндік береді. Олардың негізгісі 5G желісін жүргізу жобасы болмақ. Аталған міндетті «МТС» ЖШС және «Кселл» АҚ операторларының консорциумы атқарады. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының еншілес компаниялары 2027 жылға дейін еліміз бойынша 7 мыңнан астам базалық станция салуға тиіс. Биыл Астана, Алматы және Шымкент қалаларында осындай 486 станция пайдалануға беріледі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Әзербайжан – Қазақстан» бағыты бойынша Каспий теңізінің табаны арқылы тартылатын талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысына қатысты халықаралық жобаны «AzerTelecom» компаниясымен бірлесіп жүзеге асыру жұмыстары жалғасатыны жөнінде баяндалды. Сонымен қатар биыл ауылдарды одан әрі интернетпен қамтамасыз ету, Қазақстан абоненттерін ескірген ADSL желілерінен оптикаға көшіру, көпқабатты тұрғын үйлерді GPON технологиясы арқылы жылдамдығы жоғары интернетке қосу секілді жобалар іске асырылады.
Кездесу соңында Президент халқымыз бен экономикамыз үшін жоспарланған жобаларды уақытылы және сапалы орындаудың маңыздылығына назар аударды. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қалалар мен ауылдық жерлердегі телекоммуникация желілерін одан әрі дамыту, сондай-ақ Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру үшін халықаралық деректер трафигінде желілік инфрақұрылымды өркендету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
218
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи