Главная Новости «Қазақтелеком» АҚ-ның кредиттік рейтингін Fitch Ratings растады
09 желтоқсан 2022, 15:10 1246

«Қазақтелеком» АҚ-ның кредиттік рейтингін Fitch Ratings растады

«Қазақтелеком» АҚ-ның кредиттік рейтингін Fitch Ratings растады

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Қазақтелеком» АҚ-ның кредиттік рейтингін ВВВ деңгейінде - (болжам «Тұрақты») растады.  Сарапшылар рейтингтің негізгі драйверлерінің ішінде компаниялар тобының тұрақты нарықтық позицияларын, қиындықтарға қарамастан көрсеткен үздік нәтижелерін, сондай-ақ қаржылық беріктіктің айтарлықтай қорын бөліп атайды.

Fitch Ratings сарапшыларының пікірінше, «Қазақтелеком» АҚ компанияның дамыған желілік инфрақұрылымы есебінен, сонымен қатар мықты қаржылық бейініне байланысты жоғары мүмкіндіктерге ие. Ірі телеком- оператордың несиелік қабілеттілігінің жоғары бағалануы компанияның Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялық нарықтың барлық сегменттеріндегі көшбасшылық жағдайы сеп болған. 2021 жылы тіркелген телефония абоненттері бойынша компанияның үлесі 93%, тіркелген кең жолақты интернетке қолжетімділік бойынша 71%, мобильді сегментте және ақылы теледидар сегментінде тиісінше 59% және 37% құрады, бұл телеком оператордың кірісі бойынша есептейтін болса нарықтың 60% - дан астам үлесіне ие деген сөз.

«Fitch Ratings есебі соңғы уақытта беделді халықаралық құрылымдар тарапынан компанияның ұстанымдарына қатысты берілген екінші оң баға болды", - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Бас қаржы директоры Людмила Атамұратова. - Қараша айының соңында тағы бір халықаралық рейтингтік агенттігі S&P Global Ratings «Қазақтелеком» АҚ-ның кредиттік рейтингі туралы өзінің жыл сайынғы есебін жариялағанын еске салғым келеді. Осы құрылымды талдаушылардың қорытындыларына сәйкес, ол ВВ+ (болжам «Тұрақты») деңгейінде қалды. Ал Fitch Ratings сарапшылары болса өздерінің әдіснамасына сүйене отырып, компанияның несиелік рейтингінің деңгейін S&P Global Ratings-не қарағанда бір қадам жоғары бағалады, яғни қазірдің өзінде инвестициялық «ВВВ-» (болжам «Тұрақты») деңгейінде.  Fitch Ratings өз есебінде біздің компанияның қаржылық тұрақтылығын растап қана қоймай, барлық қиындықтарға қарамастан, қол жеткізілген үздік нәтижелерді, сонымен қатар оның жақын болашақта өсу мүмкіндіктерін атап өтті».

Қараша айында «Қазақтелеком» АҚ 2022 жылдың 9 айындағы өз қызметінің оң нәтижелерін жариялады. Fitch Ratings сарапшыларының пікірінше, Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі және 2022 жылғы қаңтардағы саяси оқиғаларға байланысты туындаған барлық сын-қатерлерге қарамастан, компания 2021 жылы да, 2022 жылдың өткен кезеңдерінде де тамаша нәтижелер көрсетті. Топтың шоғырландырылған кірісі 9,8% - ға өсті, ал агенттіктің әдістемесі бойынша есептелген EBITDA көрсеткіші талдаушылардың есебіне сәйкес 43% - дан жоғары деңгейде сақталады. Қазақтелеком өсіміне компания тобына кіретін мобильді операторлар – «Кселл» АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС елеулі үлес қосады. Тіркелген телефония кірісінің төмендеуі, тіркелген кең жолақты интернет қызметтеріндегі өсім есебінен өтелуде.

"Fitch Ratings мамандары күрделі шығындардың болжамды ұлғаюына қарамастан, компанияның борыштық жүктемесіне теріс әсерін тигізбейді деп есептейді, ", - деп атап өтті Людмила Атамұратова. – Осылайша, халықаралық агенттік біздің компаниялар тобының ағымдағы рейтинг деңгейіндегі қаржылық тұрақтылығының айтарлықтай қорын мойындайды.  Мұндай оң бағалау оператордың 2022 жылғы қызметінің қол жеткізілген нәтижелерімен тікелей байланысты деп санаймын. Егер бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша біз барлық абоненттер мен қызметкерлерімізді қолдау бойынша бұрын-соңды болмаған шараларды қабылдауға  байланысты 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда таза пайда көрсеткішінің төмендегенін көретін болсақ, онда 2022 жылдың төртінші тоқсанының басында біз 2021 жылдың 9 айымен салыстырғанда таза пайданы 2,4% - ға дейін арттырдық".

Айта кету керек, Fitch Ratings «Қазақтелеком» АҚ-ның мықты нарықтық позициялары Нидерландтық Royal KPN N. V. (KPN; BBB/Stable) және британдық BT Group (BT; BBB/Stable) сияқты еуропалық операторларға, сондай-ақ Түрік операторы Turk telekomunikasyon A.S. (TT; B/Negative) көрсеткіштеріне ұқсас екенін атап өтті, бірақ айтарлықтай кішірек масштабта. Бұл ретте, Turk Telekomunikasyon A.S.-ден айырмашылығы, «Қазақтелеком» валюталық тәуекелге ұшырамайды, өйткені компанияның барлық міндеттемелері жергілікті валютада көрсетілген, бұл қазақстандық оператордың кредиттік рейтингінің едәуір жоғары деңгейде болуының және бір себебі. Бұдан басқа, компанияның рейтингі Қазақстан Республикасының егеменді рейтингінің деңгейімен шектелген (анықтама үшін: ҚР рейтингі 2022 жылғы 2 желтоқсанда «Тұрақты» болжаммен «BBB» деңгейінде расталды – яғни компания рейтингінен бір ғана деңгейге жоғары).

«Қазақтелеком» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Кселл» АҚ – ның кредиттік рейтингі, агенттіктің пікірінше, бас компания – «Қазақтелеком» АҚ-мен байланыста болғандықтан ұтып тұр, яғни Fitch Ratings сарапшылары әуелгі «ВВ+» деңгейінде растады, болжам "Тұрақты".

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: