Главная Новости Қазақтелеком Ақмола облысында 460 білім беру нысанын бірыңғай бейнебақылау жүйесіне қосты
03 марта 2026, 18:45 43

Қазақтелеком Ақмола облысында 460 білім беру нысанын бірыңғай бейнебақылау жүйесіне қосты

Қазақтелеком Ақмола облысында 460 білім беру нысанын бірыңғай бейнебақылау жүйесіне қосты

«Қазақтелеком» АҚ Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп өңірдің білім беру мекемелерінде орталықтандырылған бейнебақылау жүйесін орнатуға бағытталған ауқымды жобаны іске асырды.



«Қазақтелеком» АҚ филиалы – Корпоративтік бизнес дивизионы іске асырған бұл жобаАқмола облысында білім беру нысандарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруғабағытталған. Өңірде бірыңғай цифрлық қауіпсіздік кеңістігін қалыптастыру үшін тәулік бойы мониторингтеу және мұрағатты 30 күнге бұлтты сақтай алатын орталықтандырылған бейнебақылау жүйесін енгізілген.

Жүйеге жалпы саны 3400 бейнекамера қосылған, олар 460 білім беру нысанын бақылап отыр. Барлық камералар полиция департаментінің жедел басқару орталығы (ЖБО) мен Ақмола облысының аудандық полиция бөлімдеріне біріктірілген. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алып, кез келген оқыс оқиғаға дер кезінде әрекет етуге жол береді.

Жобаны іске асыру үшін «Қазақтелеком» АҚ тарапынан телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізілді, қосымша талшықты-оптикалық байланыс желілерімен (бұдан әрі – ТОБЖ) 47 білім беру нысаны қамтылды, ал салынған ТОБЖ жалпы ұзындығы 30 шақырымнан асты.

Жұмыстар заманауи технологияларды және бұлтты бейнебақылау саласындағы озық тәжірибені пайдалана отырып орындалды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: