Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазақтелеком» бүкіл ел бойынша жаңа үйлердің тұрғындарын Gigabit Passive Optical Network бойыншажылдам интернетпен қамтамасыз етуді жалғастыруда. Сонымен, телекоммуникация операторы Алматыдағы «Меркур Град» тұрғын үй кешенінің соңғы корпусында GPON технологиясы бойыншажелінің құрылысын аяқтады және соның нәтижесінде жаңа ТК-нің 25 үйі ең заманауи оптикалық желіге қосылды.
Орналастырылған жаңа оптикалық инфрақұрылым 500 Мбит/с дейінгі жылдамдықпен кең жолақты интернетке және басқа да телекоммуникациялық қызметтерге «Меркур Град» ТК 1 600-ден астам отбасын қосуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, пайдаланушыларға GPON технологиялары және 175 телеарнасы, мыңдаған фильмдері мен телехикаялары бар танымал «Қазақтелеком» ТВ+ бейнесервисі қолжетімді. Жаңа технологияның артықшылықтарын бағалап үлгергендердің арасында Әлімхановтар отбасы да болды. Олар үшін сапалы және шексіз интернет тек жұмыс пен бос уақытты өткізу үшін ғана емес, сонымен бірге Норвегияда тұратын жақын туыстарымен сөйлесу үшін де қажет.
«Менің күйеуімнің әпкесі отбасымен бірге Норвегияда 10 жылдай тұрады және атом энергетикасы саласында жұмыс істейді. Біз олармен үнемі бейнеқоңырау арқылы байланысуға тырысамыз. Оның балалары ана тілін ұмытпауы үшін мен олармен әрдайым қазақ тілінде сөйлесемін, өйткені мұнда үнемі сөйлесу практикасы өте маңызды. Енді «Қазақтелекомнан» тұрақты интернеттің арқасында біз олармен күніне бірнеше рет сөйлесе аламыз. Сөйлесу кезінде біз қашықтықты байқамаймыз, тек уақыт айырмашылығы ғана білінеді», – деп бөлісті «Меркур Град» ТК тұрғыны Фариза Әлімхан.
2022 жылдың екінші жартыжылдығында ғана ең ірі телекоммуникация операторы оңтүстік астананың 35 жаңа көпқабатты үйінде GPON технологиясы бойынша желілер құрып, оларға 4000-нан астам отбасын жоғары жылдамдықты интернетке қосты. "Қазақтелекомда" атап өткендей, жаңа технология бойынша оптикалық желілердің құрылысы биыл да жалғасады, желілерді дамытудың бекітілген жоспарына облыс орталықтары мен елдің ірі қалалары енді. Атап айтқанда, GPON технологиясының желілері тек Астана мен Алматыда ғана емес, Көкшетау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Орал, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Тараз және Теміртауда да салынатын болады. Жоспарларды іске асыру 180-нен астам тұрғын үй кешенін немесе 1400-ге жуық көппәтерлі үйді қамтуға мүмкіндік береді.
«Көпқабатты тұрғын үйлерде жаңа технология бойынша оптикалық тарату желілерін салу біздің компания жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. GPON тұрақтылықты, жоғары сапалы қосылымды және 1 Гбит/с дейін өткізу қабілеттілігін қамтамасыз етеді. сонымен қатар, дұрыс салынған және құжатталған оптикалық желінің моральдық жағынан ескіру мерзімі жоқ, яғни талшықтың мүмкіндіктері де уақыт өте келе көбейе бермек. Жоғары жылдамдықты интернет базасында біз жаңа абоненттерге цифрлық қызметтердің барлық спектрін бейнесервистен, мобильді және қалалық байланысты қосудан бастап «ақылды үй» сияқты заманауи қызметті алуға дейін ұсынамыз», – деді «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек бизнес жөніндегі дивизионының Алматы өңіріндегікоммерциялық директоры Динара Токқожина.
Айта кетейік, GPON - бұл магистральдық желіден әр жеке абоненттің пәтеріне жеке кабель салуды көздейтін талшықты-оптикалық желінің бір түрі. Мұндай жеке желіні құру клиентке бір уақытта жоғары жылдамдықты интернет, цифрлы теледидар және IP телефония қызметтерін бір сым арқылы алуға мүмкіндік береді. Бірақ бұл арнайы арналарға бөлінудегі ең бастысы, интернет жылдамдығы таңдалған деректер жоспарына байланысты 200-ден 500 Мбит/с-қа дейін өзгереді және тіпті ең жоғары жүктеме сағаттарында да тұрақты болып қалады.
Айта кетейік, биылғы жылы «Қазақтелеком» Алматыда желілік инфрақұрылымның ауқымды құрылысын жүргізуде. Бұл жерде мегаполистің орталығы туралы ғана емес, шалғай аудандар мен шағын аудандар туралы да айтылады. Ал телеком-оператордың жоғары жылдамдықты интернетіне бүгінде Алатау, Наурызбай, Түркісіб, ал қазір Медеу аудандары қосылған.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
74
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
80
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы