Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Президент «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда сайты.
Мемлекет басшысына Қазақстанның телекоммуникация саласының қазіргі ахуалы, оның мобильді сегментінің дамуы, халық пен бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және оның аясын кеңейту жұмыстары туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 5G желісін енгізудің және цифрлық теңсіздікті одан әрі төмендетудің перспективалары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ, Қуанышбек Есекеев Президентке 2018-2020 жылдары ауылдық жерлерде салынған оптикалық-талшықты магистраль базасында жергілікті желілерді салу бойынша жобаларды жүзеге асыру туралы айтты. «Цифрлық серіктес» бағдарламасы аясында жоғары жылдамдықты интернетті әрбір үйге жеткізу жобасына жеке сервистік компаниялар қосылған.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы компанияның 2300 МГц диапазонындағы FWA (Fixed Wireless Access, тіркелген сымсыз байланыс) озық технологиясын пайдалану жөніндегі жоспарымен танысты.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті төмендету жөніндегі қазіргі қызметіне, сондай-ақ ұлттық телеком-оператордың перспективасы бар жобаларына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
77
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
85
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы