Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Нұр-Сұлтанда «Қазақтелеком» АҚ Astana IT University базасында өз корпоративтік университетінің ашылғанын жария етті. Ұлттық мүддеге саймаңызды стратегиялық жобаларды іске асыру үшін «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлерінің құзыретін жүйелі түрде арттыру мақсатында еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірімен ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты.
Қоғам мен мемлекет өмірінің барлық салаларын цифрландыру клиенттің қажеттіліктеріне барынша терең енуді, қаржылық технологиялар саласы, Электрондық үкімет және телекоммуникациялық сервистер арасындағы интеграцияны талап етеді. Бұл өз кезегінде ұлттық байланыс операторы ретінде «Қазақтелеком» АҚ персоналының кәсіби даярлық деңгейін арттыруға қажеттілік туғызады.
«Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, цифрлық трансформация күн тәртібінде бірінші орында тұр. Таяу кезеңдегі ағымдағы міндеттер – бұл операциялар мен клиенттермен өзара әрекеттесудің 80%-дан астамын цифрлық арналарда қамтамасыз ету.
«Бұл үшін бізге жай ғана «цифрлық» адамдар емес, цифрландыру үшін идеяларды түрлендіруге қабілетті тұтас қоғамдастықтар қажет», – деп атап өтті «Қазақтелекомның» бірінші басшысы.
Корпоративтік университет базасында бірінші кезеңде IT, HSE (еңбекті қорғау), көшбасшылық және басқару, data science, сату және сервис, сондай-ақ техникалық академия, HR Академиясы және On board (жаңа қызметкерлерді бейімдеуге көмек) бағыттары бойынша оқыту процесі ұйымдастырылатын болады.
«Қазір біз кәсібилікке ерте кезеңде құйған инвестициялар бірнеше жылдан кейін орасан зор серпінді шешімдерді қамтамасыз ете алатынын жақсы түсініп отырмыз, сондықтан мұндай тәсілді кадрлық әлеуетті дамытудың негізгі векторы деп санаймын», – деп атап өтті Қуанышбек Есекеев.
Қазақтелеком жүзеге асырған және бір маңызды бағыт – компания қызметкерлерінің балаларына арналған жазғы IT-лагерь. Astana IT University – мен бірлесіп бірнеше ай бойы жасөспірімдерді базалық IT-сауаттылыққа, бағдарламалау негіздеріне оқыту жүргізіледі және ең бастысы, олардың алдында Қазақстанның ірі телекоммуникациялық компаниясында одан әрі оқу және табысты мансап үшін барлық мүмкіндіктерге жол ашылады.
«Осы жоба арқылы біз мектеп оқушыларын оқыту және дарынды жастарды мамандыққа тарту бойынша іс-шаралар сериясын мектеп қабырғасынан бастап ашамыз. Биыл 12-15 жас аралығындағы 600-ге жуық бала қамтылады, әрбір топ бағдарламалау, веб-әзірлеу және робот жасау курстарынан өтеді», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ персонал жөніндегі бас директоры Берік Битабаров.
Бүгін Корпоративтік университетте «Қазақтелеком» АҚ сондай-ақ компанияның орта және жоғары басқару буынындағы бос лауазымдарға орналасуға үміткерлерді дайындауға арналған «кадрлық резерв» жобасының қатысушыларына арналған Start MBA оқыту бағдарламасын ұсынды. Бағдарлама үздік қызметкерлерге мансаптық өсудің жеке траекториясын құруға және кәсіби дағдылар мен қабілеттердің тиісті дамуына көмектесуге арналған. Биылғы жаздан бастап компанияның 500 қызметкері кадр резервіне іріктеуден өтті, оның 174-і бизнес-жобаларды дайындауды бастады. «Кадрлық резерв» жобасына қатысушылардың Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында Digital MBA, Advanced MBA және Executive MBA бағдарламалары бойынша оқу мүмкіндігі бар.
114
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!