Главная Новости «Қазақтелеком» дивиденд төлеуге 33 млрд теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлап отыр
18 мамыр 2023, 09:40 444

«Қазақтелеком» дивиденд төлеуге 33 млрд теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлап отыр

«Қазақтелеком» дивиденд төлеуге 33 млрд теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлап отыр

Еліміздің ірі телеком-операторы былтырғы жылдың қорытындысы бойынша «Қазақтелеком» акцияларының меншік иелеріне дивидендтер төлеу үшін шоғырландырылған таза кірістің 29% астамын немесе 33 миллиард теңгеден астам қаражат бөлуді жоспарлап отыр. Мұндай ұсынысты «Қазақтелекомның» директорлар кеңесі компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының аясында қарауға жолдады. Бұл туралы бүгін Қазақстандық қор биржасының алаңында өткізілген дәстүрлі «Эмитент күні» барысында «Қазақтелеком» АҚ-ның Бас қаржы директоры Людмила Атамуратова мәлімдеді.

Людмила Атамұратованың айтуынша, қаралған 30 миллиард теңгені бір жай акцияға есептегенде әрқайсысының құны 3038,36 теңгені құрайды. Салыстырар болсақ, 2021 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтердің мөлшері сәл жоғары болды (1 акцияға 3590,4 теңге), бұл ішінара «Кселл» АҚ еншілес ұйымының 24% акциясын қор нарығында сатумен байланысты болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қорытындысы бойынша жарияланған шоғырландырылған есептілікке сәйкес компаниялар тобының кірісі 7%-ға ұлғайып, 634 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы көрсеткіш 594 млрд теңгеге қарағанда әлдеқайда жоғары, ал таза пайда 128 млрд теңгеден асып, бір жылда 32%-дан астам өсті. Бұл ретте кірістің артуы қызметтердің тіркелген және мобильді сегменттерінде мүмкін болды.

«Сонымен қатар, EBITDA (пайыздар, салықтар мен амортизацияға дейінгі пайда) көрсеткіші 2022 жылы 2018 жылға қарағанда 3,7 есе өсіп, 2022 жылы 285,3 млрд теңгені құрады. Компания қызметінің рентабельділігін сипаттайтын EBITDA margin көрсеткіші бойынша «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобы 2022 жылдың қорытындысы бойынша 45% жоғары деңгейді сақтап ұстап тұр, бұл өзге де салыстырмалы телеком-компаниялардың нәтижелерінен жоғары. Түрік елінің Turk Telecom және Turkcell операторларында 2022 жылы тиісті көрсеткіш 37,3% және 40,1%, Біріккен Араб Әмірліктерінің Emirates Telecommunications Corporation - 39,2%, ресейлік МТС 40,5% құрады. Орташа алғанда, салыстырмалы компанияларда EBITDA margin көрсеткіші 2022 жылы 39,3% - құрады, бұл компаниялар тобының көрсеткішіне қарағанда әлдеқайда төмен», - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Бас қаржы директоры Людмила Атамұратова.

Компанияның бас қаржы директорының айтуынша, өткен және алдыңғы жылдардағы аталған қаржылық-экономикалық жетістіктер өршіл жобаларды қолға алып, оларды сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мәселен, 2018-2020 жылдары «Қазақтелекомға» мемлекет республиканың ауылдарын жедел, оптикалық интернетпен қамтамасыз ету бойынша ауқымды инфрақұрылымдық жобаны іске асыруды сеніп тапсырды. Мұнан кейін компания елдің түрлі аймақтары мен түкпір-түкпіріндегі 837 елді мекенде 14,3 мың шақырымнан астам «оптика» жүргізді. Ал өткен жылы компаниялар тобы Қазақстанның телеком-инфрақұрылымын дамытуға 121,5 миллиард теңге инвестициялады. Топ инвестицияларының үлесіне республикадағы «Ақпарат және байланыс» бағыты бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің шамамен 70%-ы тиесілі болды.

«Ағымдағы кезеңге келетін болсақ, жылдың бірінші жартысында ғана компаниялар тобы елімізде бесінші буынның байланыс стандартын енгізу жөніндегі жобаға шамамен 160 миллиард теңге инвестиция салуды жоспарлап отыр. Компания 2027 жылға дейін орнатқысы келетін 7 мыңнан астам 5G базалық станциясының 390-нан астамы ағымдағы жылдың өзінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында пайдалануға берілетін болады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта қалыптасып жатқан «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасына жаңа бағдарламалардың тұтастай портфелін ұсындық, оған жалпы алғанда «Қазақтелеком» тобы 5 жылдың ішінде шамамен 370 млрд теңге өзінің жеке және несиелік қаражатын инвестициялауға дайын. Сондай-ақ, компания «Azertelecom» компаниясымен бірлесіп «Әзірбайжан – Қазақстан» бағыты бойынша Каспий теңізінің түбінде талшықты-оптикалық желі құрылысының халықаралық күрделі жобасымен жұмысты жалғастыруда», - деп атап өтті «Қазақтелеком»АҚ Бас қаржы директоры Людмила Атамұратова.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың алғашқы 4 айында ғана «Қазақтелеком» 13 мыңнан астам пәтерді интернетпен және басқа да цифрлық сервистермен қамтамасыз етті, жыл соңына дейін Қазақстанның 16 қаласында 176 мыңға жуық пәтерді заманауи желіге қосу жоспарда бар. Бұл ретте телеком-оператор қалада ғана емес, ауылдық жерлерде де желіні дамыту жөніндегі жұмысты жандандырды. Бүгінгі таңда, мысалы, «радиокөпір» технологиясы бойынша республиканың 10 ауылында 1500-ден астам үй шаруашылығы интернетке қосылған. «Қазақтелеком» 160 ауылдық елді мекенде 10 мыңнан астам ауыл тұрғыны жаңа радио көпірлерін орнату есебінен телеком-қызметтермен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр, ал LTE сымсыз технологиясы бойынша еліміз бойынша тағы 50 мың жаңа абонент жоғары жылдамдықты интернетке және сапалы байланысқа қосылатын болады.

Жалпы, компанияның ағымдағы жылға арналған жобалар портфелінде-абоненттерді ескірген ADSL деректерді беру технологияларынан оптикаға ауқымды көшіру жөніндегі жоба, ол Республиканың 9 қаласында 25 мыңнан астам пайдаланушыға әсер етеді. Сондай-ақ, ірі телекоммуникация операторы көпқабатты үйлердің тұрғындарын GPON технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты интернетпен, жеке сектордың және жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарын FWA - тіркелген сымсыз байланыс технологиясы бойынша қамтамасыз ете отырып, өзінің желілік инфрақұрылымын ұлғайтуды жалғастырады: алдағы екі жыл ішінде FWA бойынша заманауи телекоммуникациялық қызметтерге қосылу үшін 300-ден астам базалық станция салу жоспарлануда бұл Республика бойынша 160 мың жеке үйді интернетпен қамтиды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: