Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев қазақстандық жаһандық инвестициялық форумға қатысып, компанияның цифрландыру саласындағы басым жобалары туралы айтып, елдің технологиялық секторын дамыту ерекшеліктері туралы өз көзқарасымен бөлісті.
Форумның негізгі сессияларының бірі экономиканы цифрландыру тақырыбына арналды. «Қазақтелеком» басшысының айтуынша, дәл осы диджиталдандыру ісі қазақстандықтарға жаңа мүмкіндіктер ашып, елдің лайықты болашағын қамтамасыз ете алады. Осыны түсіне отырып, ірі телекоммуникациялық компания халықты және бизнесті кең жолақты Интернетпен, интерактивті теледидармен, ұялы байланыспен қамтамасыз ету арқылы, сонымен қатар өзінің технологиялық шешімдерін ұсына отырып, елдің цифрлануына үлес қосуға ұмтылады.
«Қазіргі таңда нарықтағы жетекші позицияны сақтап қалу үшін бізге заман ағымына ілесіп қана қоймай, сонымен қатар нарық қажеттіліктерінен озып тұруымыз қажет. Сондықтан, «Қазақтелеком» жаңа цифрлық бизнестің экожүйесіне ауысуда, бұл үшін қазірдің өзінде 10 негізгі бағыт анықталды, осы бойынша біз компанияда бизнестің жаңа түрлерін дамыта бастадық. Олардың ішінде: жасанды интеллект, видео-сараптау, қаржы, электрондық коммерция, қауіпсіздік, блокчейн және тағы басқалар бойынша шешімдер бар. Нарық сәт сайын өсуде, біз онымен бірге дамуға тырысамыз», – деді «Қазақтелеком» басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Сонымен қатар компания басшысының пайымынша, қазіргі заманғы экономикада мемлекеттің жаңа өсу факторларын анықтау қабілеті аса өзекті, ал цифрландыру бұл міндетті шешуге көмектеседі. Осындай шешімдердің бірі – тауарларды таңбалау, бұл бағытта «Қазақтелеком» бірыңғай оператор болып таңдалды. Таңбалау әр өндірістің бірлігін анықтауға мүмкіндік береді, бұл нарықты контрафактілік және жасанды өнімдерден қорғауға көмектеседі. Сонымен қатар, 2014 жылдан бастап компания фискалдық деректердің операторы болып табылады және бүгінде абоненттік база 300 мың құрылғыға жетті.
«Біз KT Pay жеке Fintech платформамызды дамытамыз және оны топ ішінде абоненттік төлемдерді жинау құралдарының бірі ретінде қолданамыз. Сонымен қатар, компаниялар тобында 3 электрондық коммерциялық сайт бар: Chocomart - 80 000-нан астам тауар түрін сатып алуға болатын алаң. Одан бөлек бизнес үшін 80-ге жуық қызмет түрін ұсынатын Ismet платформасы, сондай-ақ келісім-шарт бойынша мобильді құрылғылар сатып алуға болатын Kcell интернет-дүкені бар», – деді «Қазақтелеком» басшысы.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
54
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
61
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы