Главная Новости «Қазақтелеком» жеке секторда оптикалық желі құрылысын жалғастыруда
12 қыркүйек 2024, 17:44 496

«Қазақтелеком» жеке секторда оптикалық желі құрылысын жалғастыруда

«Қазақтелеком» жеке секторда оптикалық желі құрылысын жалғастыруда

Жақында Қостанай облысындағы «Северный» шағын ауданының 140 үйінің тұрғындары GPON бойынша телеком қызметтеріне қосылды.

Оның алдында компания жоғары жылдамдықты интернетке 640 котедж және 11 көп пәтерлі үйді қосқан еді, ал шағын ауданның екінші бөлігі ADSL технологиясы бойынша ұсынылған интернетті пайдаланды.

«Тазарту» жобасының аясында Қостанайда 4 мың абонент қайта қосылды. Биыл 2000 абонентті көшіру жоспарда бар. Оптикалық байланыс желісінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр», - дейді «Қазақтелеком» АҚ ЖДБ Қостанай қатынау желісін пайдалану департаментінің директоры Сәкен Искаков.

Желі клиенттің пәтеріне дейін тартылатындықтан интернеттің жылдамдығы секундына 500 Мбит дейін жетеді. Абонент бір мезгілде цифрлық теледидарды, интернетті және IP-телефонияны жоғары сапада пайдалана алады.

Жеке сектормен қоса, компания өңірдің ауылдарын да интернетке қосуда. Радио көпір технологиясы бойынша 15 ауылдық елді мекеннің тұрғындары жоғары жылдамдықты интернеттің игілігін көріп отыр. Жыл соңына дейін тағы 4 ауылға базалық станциялар орнату жоспарда бар.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: