Главная Новости «Қазақтелеком» жобалары инвесторлардың қызығушылығын тудырды
28 қыркүйек 2022, 08:09 512

«Қазақтелеком» жобалары инвесторлардың қызығушылығын тудырды

«Қазақтелеком» жобалары инвесторлардың қызығушылығын тудырды

«Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік бизнес дивизионы Орал қаласындағы WESTKAZINVEST-2022 халықаралық инвестициялық форумында Бас серіктес ретінде қатысты.

Форум Батыс өңірінің инвестициялық әлеуетімен Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдары, бизнес қауымдастықтары және басқа да өңірлерінің өкілдерін, әлеуетті инвесторлар мен таяу жатқан шет елдердің өкілдерін таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылар инвестициялық жобаларды таныстырды, сауда-экономикалық байланыстар орнатты, тәжірибе алмасты.

Форум аясында қазақстандық және ресейлік тауар өндірушілердің көрмесі өтті, мұнда Корпоративтік бизнес дивизионы Батыс Қазақстан облысының экожүйесінде «Қазақтелеком» экспозициясын ұсынды.

Мұнай-газ секторына, агроөнеркәсіптік кешенге және IT технологиялар саласына инвестициялар тарту үшін панельдік сессиялар ұйымдастырылды. «Сандық кеңейту – Батысқа инвестиция саламыз» сессиясында «Қазақтелеком» өкілдері «Ауылдағы цифрлық серіктес» және «Қазақтелеком» ақылды қалалардың экожүйесінде» деген екі жобаның тұсаукесерін жасады.

КБД Клиенттік бағыттарды басқару департаментінің бас бизнес-сарапшысы Камиль Азнабакиев бүгінгі күні республика бойынша сәтті басталған «Ауылдағы цифрлық серіктес» жобасын таныстырды. Жоба аясында оптика жүргізілген 36 ауылда сымсыз желі құратын алты кәсіпкермен келісім-шартқа қол қойылды. Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында желі құрылысы басталды.

«Қазақтелекомның» серіктестері – жеке кәсіпкерлер ауылдық елді мекендерде талшықты-оптикалық желілерге қосылу нүктелерінен абоненттердің үйлеріне дейін сымсыз байланыс желілерін жүргізеді және абоненттік төлем алады, ал «Қазақтелекомға» ай сайын деректерді беру арнасы үшін тіркелген соманы ғана төлейді. Жоба инвесторлардың тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

«Талшықты-оптикалық байланыс желісі Батыс Қазақстан облысының 11 ауданындағы 81 ауылдық елді мекенге тартылды. Бұл ауылдарда шағын және орта бизнеске өздерін жергілікті байланыс провайдері ретінде сынап көруге, үй шаруашылықтары үшін желілер құруға және өздері үшін тұрақты табыс көзін ашуға мүмкіндік бар. Бүгінгі таңда біздің үш серіктесіміз техникалық шарттар алып, радиокөпірлерді орнату және ауыл тұрғындарын телекоммуникация қызметтеріне қосу жұмыстарын бастап кетті. Жоба ауыл тұрғындарын жоғары жылдамдықты интернетпен жедел қамтамасыз етуге, ал жеке кәсіпкерлерге қосымша табыс алуға мүмкіндік береді. Осылайша, біз бірден бірқатар әлеуметтік маңызды міндеттерді шешеміз: ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті қолдау және жаңа жұмыс орындарын ұсыну», – деді Камиль Азнабакиев.

Сондай-ақ, форумға қатысушылар «Қазақтелеком» ақылды қалалар экожүйесінде» жобасын белсенді талқылады. «Қазақтелеком» АҚ КБД "PRE SALE" қызметінің бастығы Бексұлтан Бархитов Ақкөл және Ақсай қалаларының мысалдарында SMART CITY тұжырымдамасы аясында сәтті кейстерді ұсынды. «Қазақтелеком» ақылды қалалар экожүйесіндегі негізгі бағыттар - талдау жүйесі және Заттар интернеті (IoT) бар қауіпсіз бейнебақылау.

Панельдік сессия соңында «Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ мен «Қазақтелеком» АҚ арасында цифрландыру саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: