Главная Новости Қазақтелеком жыл соңына дейін Хромтауды «мыстан» «оптикаға» ауыстырады
27 ақпан 2023, 09:30 954

Қазақтелеком жыл соңына дейін Хромтауды «мыстан» «оптикаға» ауыстырады

Қазақтелеком жыл соңына дейін Хромтауды «мыстан» «оптикаға» ауыстырады

Ең ірі байланыс операторы моноқалалардағы жеке инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ауқымды жобаны жалғастыруда. Хромтау биылғы жылы «оптикалық» қалалар тізімін толықтырады, онда жыл соңына дейін жеке бағдарлама аясында «Қазақтелеком» бүкіл қаланы ескірген ADSL мыс технологияларынан заманауи талшықты-оптикалық желілерге көшіреді.

Хромтау – 29 мыңға жуық тұрғыны бар, тұрақты өндірістік әлеуеті бар моноқала. «Оптикаға» көшу тұрғындарға сандық телевизия және TV+ платформасына, 500 Мбит/с жылдамдықтағы интернетке, бейнебақылау қызметтеріне қолжетімділік және т.б. жаңа тарифтер мен қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Осылайша, Хромтау – компания «мысты» пайдаланудан мүлде бас тартқан екінші моноқала болмақ. Мыс желісін қайта жаңғырту бойынша осындай жұмысты «Қазақтелеком» 2022 жылы Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында жүргізді, кейін байланыс операторының техникалық мамандары жарты жылдың ішінде 100-ден астам көпқабатты үйлерді оптикалық желіге ауыстырды.

«Тұрақты және сапалы интернет байланысы бұрыннан тұрғындар үшін әлеуметтік маңызды қажеттілік болып табылады. «Қазақтелеком» тұрақты негізде жүргізіп отырған желіні жаңғырту жұмыстары байланыстың жылдамдығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Оптикалық технологияларды ұстау айтарлықтай арзанырақ, жұмыс барысында сенімдірек, жоғары жылдамдықты Интернетке қол жеткізуге кепілдік береді және ең озық цифрлық қызметтерді қосуға мүмкіндік береді. Хромтауда жаңарту 114 көпқабатты үйдің тұрғындарына және жеке сектордағы 2000-нан астам үй шаруашылығын қамтиды», - дейді «Желі» Дивизион» Бірлестігінің» Қатынау желісі жөніндегі директоры Ғазинұр Райымқанов.

Абоненттерді «мыстан» «оптикаға» көшіру бірнеше кезеңде жүзеге асырылады – зерттеу, талдау және техникалық мүмкіндіктің болуын тексеру. Желілерді жаңарту кезінде Қазақтелеком әртүрлі техникалық шешімдерді пайдаланады: дауыстық шлюздерді немесе ONT терминалдарын орнату, талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу және тарту. Тәсілді таңдау үйдің орналасқан жеріне, байланыс операторының қолданыстағы оптикалық желілерінің жақындығына және қолжетімділігіне байланысты. Жобаны сәтті жүзеге асыру үшін Хромтауда 20 шақырымға жуық талшықты-оптикалық байланыс желісін салу және тарту жоспарлануда. Жалпы Ақтөбе облысында инфрақұрылымды жаңғырту аясында 4 мыңнан астам абонентті ауыстыру жоспарланса, республика бойынша бұл көрсеткіш 53 мыңнан астам пайдаланушыны құрайды.

«Компанияның мәліметтері бойынша, қазіргі клиенттерге қоңырау шалулардың 70%-ы ескірген мыс технологияларынан байланыс сапасының нашарлауына байланысты, ал заманауи технологияларға көшу барысында, бұл мәселе жойылады. Желілік қызметтердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін технологиялық базаны жаңарту қажет, бұл 54 000 шақырымға жуық мыс желілеріне әсер етеді. Тұтынушыларды «оптикаға» көшіру бастамасы бірнеше жылға есептелген, жаңғырту «Қазақтелекомның» жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады және компанияның стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады», - дейді «Желі» Дивизион» Бірлестігінің» сапа бойынша директоры Шыңғыс Құсқамбасов.

Ағымдағы жылы байланыс операторы 7 қалада – Түркістан, Степногорск, Хромтау, Ақсай, Ақтау, Жаңаөзен, Ақсу қалаларында тұтынушыларды мыстан оптикалық желілерге көшіруді жоспарлап отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: