Главная Новости «Қазақтелеком»: интернет жылдамдығы жөнінен көш басында
28 мамыр 2021, 09:53 1058

«Қазақтелеком»: интернет жылдамдығы жөнінен көш басында

2021 жылғы сәуірде Қазақстан Ookla Speedtest Global Index компаниясының мобильді Интернеттің жылдамдығын өлшеген жаһандық рейтингінде ЕАЭО және Орталық Азия елдерінің арасында көш бастады, деп хабарлайды SКnews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ookla компаниясының SpeedTest рейтингі — ғаламторға қосылу сапасын өлшейтін әлемдегі ең танымал әрі тәуелсіз құрал. Ол желінің жылдамдығын, кідірістерін, трафик шығынын өлшеуге негізделген. Оған қажет серверлерді «Қазақтелеком» 2020 жылдың қараша айында Қазақстанның 17 қаласына орнатып, өзінің магистрал желісіне тікелей қосқан болатын.

2020 жылғы қазанда компания жаңа желі инфрақұрылымына көшіп, сыртқы Интернет-арналарды 100 Гбит/с интерфейске ауыстырды. Сол арқылы ұялы операторларды қосу жағынан да жаңа технологиялық деңгейге көтерілді. Енді ұялы операторлардың ядросы тікелей «Қазақтелекомның» магистрал желісіне 100 Гбит/с интерфейс деңгейінде қосылған.

«Трафикті оңтайландыру және SpeedTest серверлерін орналастыру бойынша барлық шаруа аяқталғаннан кейін Интернет желісінің орташа жылдамдығы тіркелген желілер абоненттері үшін де, ұялы байланыс операторлары абоненттері үшін де айтарлықтай өсті. Мысалы, «Кселл» АҚ желілерінде бір абонентке шаққандағы Интернет желісінің орташа жылдамдығы 2020 жылғы қазандағы 10 Мбит/с-тан 2021 жылғы сәуірде 18 Мбит/с-қа дейін өсті. Сәйкесінше, SpeedTest рейтингісінде өзге елдер арасындағы Қазақстанның көрсеткіштері де өсті», – дейді «Қазақтелеком» АҚ инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов.

Биыл сәуір айының соңына қарай мобильді интернеттің жылдамдығы бойынша Қазақстан ЕАЭО және Орталық Азияда екінші орынға шықты – республикада мобильді интернеттің жылдамдығы 2021 жылдың сәуірінде 27,01 Мбит/с болды.

2021 жылдың сәуір айында Қазақстан Ookla рейтингінде 9 сатыға жоғарылады. Бұл жағынан Қазақстан рейтингке қатысқан 134 елдің арасында оныншы орынды иеленді.

Еске сала кетейік, 2021 жылғы сәуір айының басында Қазақстанда Интернетке қолы жеткен ұялы байланыс абоненттерінің саны 16,1 миллионды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға көп.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: