Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
"Қазақтелеком" АҚ топ-менеджменті отандық интернет-провайдерлердің өкілдерімен кездесу өткізді. KzKOС 2023 байланыс операторларының қазақстандық конференциясы аясында өзекті мәселелерді талқылады. Солардың бірі – жетекші телеком-оператордың серіктес компаниялар үшін жаңа цифрлық қызметтерді енгізуі.
Бүгінгі таңда "Қазақтелеком" 50-ден астам байланыс операторларымен өзара әрекеттестік қатынастар жүзеге асырылуда және оларға ұзақ мерзімді ынтымақтастық аясында бірқатар қызметтер ұсынылуда: дауыстық трафик, VPN, интернет, МТС LTE және басқалары. Серіктестерге ыңғайлы болу үшін "Қазақтелеком" жаңа цифрлық қызметтерді енгізіп, тарифтік саясатты қайта қарап, өтінім беру және техникалық құжаттаманы алу жолын жеңілдетпекші.
Ең сұранысқа ие қызметтердің бірі – кабельдік кәрізге талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсеу үшін техникалық талаптар алу. Өткен жылы "Қазақтелекомға" тұтынушылардан техникалық талаптар алу үшін 3378 өтініш келіп түсті, оның ішіндегі 612 өтінім – байланыс операторларынан екені анықталды. Осы жылдың басында осы қызметті онлайн-форматта ауыстырғанда, өтінім беру процесі ашық әрі анық бола түсті. Бұл формат ұсынылған құжаттар топтамасы, бас тарту себептері және т.б. туралы барлық ақпаратты көрсетуге мүмкіндік береді. Порталда осы қызметті ISMET.KZ порталында пайдаланған алғашқы 10 клиент оның ыңғайлылығын бағалап, бізбен хабарласып, оң пікір білдірді. Олардың арасында интернет-провайдерлер де, өз есебінен кеңсеге оптикалық желі өткізгісі келетін кәсіпкерлер де бар.
"Біз Қазақстанның байланыс операторларымен өзара ынтымақтастығымыздың табысты әрі жемісті болатынына сенімдіміз. Еліміздің ең ірі телеком-операторы ретінде біз қазақстандықтардың мүмкіндігінше жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізгенін қалаймыз. Интернет провайдерлермен бірігіп жұмыс істеу – бұл елді цифрландыруға қосқан елеулі үлесіміз", – деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ КБД байланыс операторларымен келісім департаментінің директоры Нұрсұлтан Шалқаров.
Өз кезегінде провайдерлер "Қазақтелекоммен" бірігіп жұмыс істеудегі бірқатар оң өзгерістерді атап өтті - бұл тек қызмет көрсетуді жақсарту ғана емес, сонымен қатар операторлық сегменттің ашықтығы, өзара түсіністігі мен қолдауының жаңа деңгейі болмақ.
"Біз, яғни операторлар үшін мұндай кездесулердің берері мол. Мұндай кездесулер жаңа жетістіктер, бизнесті дамытудағы тәсілдер туралы ақпарат алуға, сондай-ақ бірқатар маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Осылайша, "Қазақтелеком" өкілдерімен өткізген келіссөздер нәтижесінде біз тарифтік саясатты талқылап, өзара тиімді шешімге келдік. Сонымен қатар, техникалық мүмкіндікті дер кезінде ұсыну арқылы біз Қостанайдағы кабельдік кәрізде магистральдық желілер тармағын сала алдық", – дейді "UpLink" ЖШС құрылтайшысы және даму жөніндегі директоры Владимир Голишко.
Ірі телекоммуникация операторының алдағы жоспары - серіктестердің қажеттіліктері мен үміттеріне сәйкес келетін инновациялық шешімдерді әзірлеу, сондай-ақ В2О саласының кедергілері мен жүйелік мәселелерін бірлесіп талқылау және оларды болдырмау.
92
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
151
11 марта 17:40
Будущее энергетики Казахстана: технология чистого угля, ВИЭ и новые проекты
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
135
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету