Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазақтелеком»жеке кәсіпкерлерге «Kasipker» тарифтерінің жаңа және тиімді топтамасы бойынша телекоммуникация қызметтерін қосуды ұсынады. Ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 31 желтоқсаны аралығында телеком-оператордың клиенттері болып үлгерген бизнес өкілдері автоматты түрде бағалы жүлделер ұтысына қатысады, сондай-ақ компаниядан кепілдендірілген сыйлықтар алады.
«Қазақтелекомның» «Kasipker» тарифін жаңа клиенттер, яғни бұрын компания қызметтерін пайдаланбаған еліміздің кез келген түкпіріндегі жеке кәсіпкерлер қостыра алады.
Бірегей мүмкіндікті алғашқылардың бірі болып жеке кәсіпкер Екатерина Дворецкая қолданды. Жақында ол жаңа кеңсе ашты және оған телекоммуникация қызметтерін қосу қажет болды.
«Тиімді бизнес үшін бүгінде жоғары жылдамдықты интернет қажет, ал шағын компаниялар үшін бұл қызметтің қолжетімді болуы маңызды. Айдың басында Интернетке қосылуға өтінім беріп, «Kasipker» акциясына қатысушы болдық. Құжаттарды ресімдеген кезде маған кәдесыйы бар сыйлық табыс етілді, бұл мен үшін жағымды тосын сый болды. Сондай-ақ,мен автоматты түрде жаңа IPhone ұтыс ойынына қатысқанымды айтты. Ұтысқа сенемін», – деді Екатерина.
Айта кетейік, «Kasipker» тарифтік желісі тіркелген және мобильді телефония қызметтерін, ұялы операторлардың нөмірлеріне қоңырауларды және Қазақстан бойынша лимитсіз қоңырауларды, интернетке кең жолақты қолжетімділікті, сондай-ақ Imou Kazakhtelecom бейнебақылау сервисін қамтитын 3 топтамадан тұрады, демек, әрбір кәсіпкер өзі үшін ең оңтайлы топтаманы таңдай алады. Бұдан басқа, жаңа клиенттерге барлық инсталляциялық жұмыстар мен қосылуларға 100% жеңілдік беріледі.
«Компанияның кеңейтілген инфрақұрылымының арқасында біз орта және шағын бизнеске клиенттер арасында сұранысқа ие жоғары жылдамдықты интернет пен қызметтерге тиімді шарттар мен төмен тарифтер ұсына алдық. «Kasipker» жаңа тарифтік топтамалары әрбір пайдаланушының талаптарына жауап беретін көптеген комбинацияларды қарастырады және Қазақстандағы ШОБ сегментіндегі тиімді ұсыныстардың бірі болып табылады. Біз үшін клиенттін сенімін ақтау — бұл жұмыс пен серіктестіктің негізгі басымдықтарының бірі. Компанияда еліміздің шағын және орта бизнесін қолдау мен дамытуға үлкен көңіл бөлінеді, сондай-ақ біз ынтымақтастыққа қашанда ашықпыз», – дейді «Қазақтелеком» АҚ КБД маркетинг және дамыту жөніндегі директоры Эмирхан Алиев.
«Kasipker» науқанының тарифтері мен шарттары туралы ақпаратты ismet.kz бизнес порталынан табуға болады, сондай-ақ, қызметтерді қосуға өтінім беруге және онлайн-режимде шарт жасасуға мүмкіндік бар.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
141
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
105
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете