Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік бизнес дивизионы жеке кәсіпкерлер үшін NOMAD арнайы ұсынысын іске қосты.
Бұл ұсыныс сымды интернетті қосу мүмкіндігі жоқ клиенттерді қызықтырады. Олар үшін арнайы «Қазақтелеком» NOMAD арнайы ұсынысын әзірледі, бұл үш қызмет топтамасынан тұрады: NOMAD Bailanysta, NOMAD Qorganysta, NOMAD Bari bar. Топтамалық ұсыныстар таңдалған топтамаға байланысты 200 Гбайтқа дейінгі трафик көлемі бар интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік қызметін, 15 Гб мобильді интернеті және қала нөмірлеріне шексіз қоңыраулары бар байланыс қызметтерін, сондай-ақ IMOU бейнебақылау қызметін қамтиды.
Астанадан келген кәсіпкер Майра Сиражет бұл ұсынысты алғашқылардың бірі болып пайдаланды. Ол NOMAD Qorganysta қызметтер топтамасын қосып, Интернеттің сапасы мен бейнебақылау камерасының жұмысын бағалап үлгерді.
«Менің өзімнің шағын кафем бар, онда клиенттер мен жұмыскерлер үшін интернет қажет. Мен 100 Гбайт трафик көлемі және бейнебақылау камерасы бар топтаманы таңдадым. Барлығы қысқа мерзімде орнатылды. Енді біздің кафенің клиенттері WIFI-ді пайдалана алады. Сондай-ақ, 360 градусқа қарайтын IP-бейнекамераның керемет сапасын атап өткім келеді. Мен бұл ұсынысты пайдаланғаныма өте қуаныштымын! «Қазақтелекомға» жедел жұмысы мен сапалы қызметі үшін алғыс айтамын», – деп атап өтті Майра Сиражет.
2022 жылдың 17 қазанынан бастап 31 желтоқсаны аралығында акцияны өткізу кезеңінде NOMAD топтамалар желісінде қызметтерді қосқан клиенттерге инсталляциялық жұмыстарға 100% жеңілдік беріледі, сондай-ақ сыйлық ретінде 4 порттық LTE модемі ұсынылады.
«NOMAD тарифтік топтамаларын әзірлеу кезінде біз клиенттеріміздің қажеттіліктерін егжей-тегжейлі зерттедік және шағын бизнес иелеріне бағытталған топтамалар желісін ұсындық. NOMAD топтамалық ұсынысын пайдалана отырып, кәсіпкерлер бірқатар артықшылықтарға ие болады, оның ішінде - интернетке сымсыз кең жолақты қатынау, жоғары жылдамдықты мобильді интернет және бейнебақылау. Біз клиенттердің қалауы мен қажеттіліктеріне сай өз тарифтеріміз бен өнімдерімізді жақсарту бағытында үнемі жұмыс жүргіземіз», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ КБД Маркетингтік коммуникациялар қызметінің бастығы Нариман Жүсіпов.
NOMAD тарифтік желісін сипаттау және қосу бойынша барлық толық ақпаратты «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік сату бөлімдерінің менеджерлеріне хабарласу арқылы алуға болады.