Главная Новости «Қазақтелеком» кәсіподақпен байланысын жаңа деңгейге көтерді
03 қазан 2022, 13:35 1304

«Қазақтелеком» кәсіподақпен байланысын жаңа деңгейге көтерді

«Қазақтелеком» кәсіподақпен байланысын жаңа деңгейге көтерді

«Қазақтелеком» басшылығы кәсіподақпен байланысты тереңдетуге ниетті. Бүгін Астанада компания басшылығы Ақпараттандыру және байланыс қызметкерлерінің салалық кәсіподағымен ауқымды форум өткізді. Кәсіподақтың жергілікті жердегі бөлімшелерінің қатысуымен мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізбек: мұндай қадам компанияға жергілікті жерлердегі проблемаларды уақытында анықтауға және алдын-алуға мүмкіндік береді.

Елордада «Қазақтелеком» басшылығы Ақпараттандыру және байланыс қызметкерлерінің салалық кәсіподағын және оның жергілікті жердегі өкілдерін жинаған алғашқы ауқымды форумын бастады. Салалық кәсіподақ еңбекақы мен еңбек жағдайларын жақсарту, сондай-ақ еліміздің ірі Телеком-операторы қызметкерлерін әлеуметтік қорғау бағдарламаларын жетілдіру бағытындағы жұмыстарға белсенді қатысады: жыл басында Тараптар компания қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көлемін кеңейтетін жаңа Ұжымдық шартты бекіткен болатын. Көп ұзамай «Қазақтелеком» Ұжымдық шарттың жаңа нұсқасын дайындау бағытында жұмыстарын бастайды және бұл жұмысқа жергілікті кәсіподақтар қосыла алады.

«Біздің компания үшін адами капитал, ұжымдағы әлеуметтік ахуал мен жұмысшылардың көңіл-күйі ең маңызды әрі басымдыққа ие факторлардың бірі. Себебі компания келешегі ең алдымен ынталанған, жан-тәнімен беріліп жұмыс істейтін қызметкерлердің арқасында кемел болатынын жақсы түсінеміз. Осы ретте кәсіподақ біздің компаниядағы ахуалды дәл көрсететін барометр дер едім. Кәсіподақпен жұмысты дұрыс жүргізе білсек, ұжыммен болар коммуникацияның пәрменді сапалы құралына айналары сөзсіз», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

«Самұрық-Қазына» қорының қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов жұмысшыларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау қор ұстанатын басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

«Жұмысшыларды әлеуметтік қолдау шараларымен қоса олардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету де аса маңызды мәселе. Осы орайда біз кәсіподақпен әрдайым байланыстамыз, тығыз жұмыс істеудеміз. Өз басым жұмыс бабымен өңірлерге жиі шығып, кәсіподақ жұмысы, еңбек қауіпсіздігі мәселесіне мән беремін. Бәріміз де білеміз биылғы жылды «Қазақтелеком» компаниясы қызметкерлерді әлеуметтік қолдау жылы деп жариялады. Бұл тәжірибені біз өзге де портфелдік компанияларға үлгі ретінде айта жүреміз. Осы жерде маңызды және бір мәселе «Қазақтелеком» өзінің биыл қабылдаған көптеген бағдарламаларымен қолдау деген тек жалақыны өсіру емес, сонымен қатар басқа да ынталандыру тетіктерін іске қосуға болатынын көрсетті», – деді «Самұрық-Қазына» қорының қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.

«Қазақтелеком» АҚ Персонал жөніндегі бас директоры Берік Битабаровтың айтуынша, биыл компания қызметкерлерді әлеуметтік қолдау жылы деп жариялап, көптеген бастамаларды енгізді, енді осы жаңашылдықтар аймақтарда қалай жұмыс істейтінін білу бізге маңызды оның тиімділігін бағалау үшін тұрақты түрде қызметкерлердің пікірін біліп отыруымыз керек. Бұл ретте жергілікті кәсіподақтар компания басшылығына қызметкерлерді қандай мәселелер көбірек мазалайтынын жедел түрде айта алады.

«Жергілікті кәсіподақтар жұмысшылардың мүдделерін қорғай отырып, жергілікті жағдай туралы шынайы кері байланыс береді. Бұл компания менеджментіне мәселенің салдарымен емес себебін түсініп, алдын-алуға мүмкіндік береді. Жалпы біздің әлеуметтік серіктестігіміздің төрт негізгі элементі бар. Әрине, алдымен қызметкерлерді қолдау маңызды. Оның ішінде жалақы мәселесі де бар. Содан соң оның отбасына қол ұшын созу. Келесі маңызды жайт еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар компанияда еңбек еткен зейнеткерлерді қолдау біздің назарда. Тағы бір жаңалық, биыл біз ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау бағдарламасын іске қостық. Нақтырақ айтқанда, ерекше балаларды күтіп-баптау, олардың емі, сол секілді сауықтыру және білім алуы бойынша шығынды компания өтейді», – деді Берік Битабаров.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: