Главная Новости «Қазақтелеком» Қазақстан чемпионатының «Күміс кубогын» жеңіп алды
07 қыркүйек 2022, 13:05 1025

«Қазақтелеком» Қазақстан чемпионатының «Күміс кубогын» жеңіп алды

«Қазақтелеком» Қазақстан чемпионатының «Күміс кубогын» жеңіп алды

«Қазақтелеком» футбол жасағы тамыз айының соңғы күндері әуесқой командалар арасында өткен 6х6 форматындағы шағын футболда бақ сынады. Ойын нәтижесінже Республика чемпионатының «күміс кубогының» иегері атанып, кезекті олжасын қанжығасына байлады.

Футбол әуесқойлары лигасының аймақтық турнирлерінде өнер көрсететін әуесқой ұжымдар арасындағы мерейтойлық чемпионат тамыз айының соңында елордада өтіп, еліміздің түкпір-түкпірінен 64 команданы жинады. Бастапқыда 26-30 тамыз аралығында өткен турнир аясында олар 16 квартетке бөлінді, айналма турнир барлық қатысушыларды екі бағытқа бөлді: өз квартеттерінде бірінші және екінші орын алған 32 команда футбол әуесқойлары лигасының «Алтын кубогы» үшін күресті жалғастырды. Ал «күміс кубок» үшін таласқа топтық кезеңде үшінші орын алған командалар шықты.

«Қазақтелеком» командасы осы кезеңде В тобына түсті, оның қарсыластары Солтүстік Қазақстан облысынан «Бекет» командасы, «Алтын кубоктың» болашақ жартылай финалисті Шымкенттен «Орда 21» және Атыраулық БНМ командасы болды. Дәл осы соңғы қарсыласты жеңу біздің құрамаға топта үшінші орын мен «Күміс кубокқа» плей-оффқа жолдама берді жәнебірінші раундта «Қазақтелеком» Павлодар облысының «Ертіс ауданын» 2:0 есебімен жеңді. Ширек финалда біздің команда көкшетаулық «энергетиктерді» жеңіп, жартылай финал нәтижелі өтті, онда «Қазақтелеком» қарағандылық «Satti Lux Stroy»-мен 4:2 есебімен қарсыласуда бәсі басым түсті.

Ақтық сында «Қазақтелекомның» құрамасы Қызылордадан келген «Сыр-Маржаны» клубымен кездесіп, шынайы бәсекеде әуесқойлар арасындағы ұлттық чемпионаттың мерейтойлық ұтыс ойынын 2:1 есебімен жеңіп, Күміс кубок» иегері атанды. Бұл жүлде Қазақтелеком құрамасы үшін биылғы жылдың үшінші спорттық олжасы болып отыр: бұған дейін ағымдағы жылдың мамыр айында «Қазақтелеком» Qazaqstan Qyzmet Cup NUR-SULTAN BLITZ мемлекеттік қызметкерлері мен квазимемлекеттік сектор компанияларының қызметкерлері арасындағы астаналық турнирде жеңіс тұғырынан көрінген, содан кейін Amanat партиясының «Бірлік» астаналық филиалының турнирінде оқ бойы озық шыққан. Ал тамыздың екінші жартысында «Қазақтелекомның» футбол командасы Мемлекеттік қызметкерлер Суперкубогының финалына дейін жетіп, Qazaqstan Qyzmet Cup күміс жүлдегері атанды.

Әуесқой командалар арасындағы шағын футболдан Республика Х чемпионатының негізгі жүлдесі – «Алтын кубокты» – қарағандылық «Биосфера» тобы жеңіп алды, ол осы олжа үшін матчта Түркістан облысынан келген «Бауыржан» командасын 4:1 есебімен жеңді. «Қазақтелеком» командасы да келесі республикалық біріншілікте осы жүлде үшін күреске түседі деп күтілуде, оның үстіне осы күзде футбол әуесқойлары лигасының елордалық біріншілігін команда өз тобындағы қарсыластарының бірін ойсырата жеңен болатын.

«Әуесқой командалар арасындағы республикалық чемпионаттың биылғы ұтыс ойынында жаңа формула қолданылды, ол бізге кезекті олжаны жеңіп алуға мүмкіндік берді, бірақ біз, әрине, болашақта осы жетістікті жақсартуға және келесі Республикалық ұтыс ойынында «Алтын кубок» үшін күресуге бел будық», – дейді «Қазақтелеком» командасының ойнайтын жаттықтырушысы Манат Ташимов. – Жалпы, осы маусым команда үшін сәтті өтті: төртінші турнир қатарынан біз жүлделі орындарға ие болып келеміз. Атап өту керек, бұл турнирлердің екеуі республикалық деңгейде болды. Сондықтан команда өсіп келеді деп сеніммен айтуға болады, және де бұған компаниядағы спорттың дамуын жан-жақты қолдайтын «Қазақтелеком» АҚ басшылығының еңбегі зор. Футбол командасы болашақта да, соның ішінде республикалық деңгейде де кубоктарды жеңіп алатынына сеніміміз мол».

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: