Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазақтелеком» командасы футзалдан әуесқойлар арасындағы дәстүрлі чемпионатта бірінші орынды иеленді. Қаңтар айының ортасында басталған жарыстар әртүрлі ұйымдардан, кәсіпорындардан және мемлекеттік қызметтерден барлығы 70-тен астам команданы жинақтады. Ереже бойынша чемпионат «әрқайсысы әрқайсысымен» жүйесі бойынша бір айналымда өткізілді, ал жеңімпаз жиналған ұпай сомасы бойынша анықталды.
Айта кетейік, барлық қатысушы командалар бірнеше лигаға бөлінді, телекомдықтар А лигасына кірді, онда біріншілікке барлығы 14 команда, соның ішінде Еуразиялық өнеркәсіптік топтың, ENI мұнай компаниясының және Қазавтожолдың мықты әрі салмақты командалары өзара бәсекеге түсті. Тартысты, ауыр әрі қиын матчтарда жоғары нәтиже көрсетіп, барлық ойындардың қорытындысы бойынша 28 ұпай жинау арқылы бірінші орынды телеком-оператор командасы иеленді, осылайша өзін Суперлигаға шығуды қамтамасыз етті.
«Менің ойымша, мұндай ойындар өзің еңбек еткен компанияның абыройын қорғап, аты мен брендін танымал етуге ғана қызмет етпейді, сонымен қатар қызметкерлердің командалық және корпоративтік рухын нығайтудың тағы бір мүмкіндігі болып табылады, өйткені алаңда біз бәріміз бірдейміз, атқаратын лауазымға қарамастан, бәріміз теңбіз. Сонымен қатар, бұл басқа компаниялардың әріптестерімен байланыс орнатуға жақсы себеп. Қазіргі жеңіс бізге оңай болған жоқ, бірақ бұл одан да жақсы ойнауға тағы бір ынталандыру, өйткені алда суперлигада, ал болашақта шетелде ойындар бар", - деп атап өтті «Қазақтелеком» командасының капитаны Нұрболат Тоқсанбаев.
Естеріңізге сала кетейік, осы спорт түрін сүйетіндер арасында футзалдан елорда чемпионаты үнемі өтіп тұрады және оннан астам команда жиналады. Бұл жолы алаңда үздіктер атағына таласуға он лигаға бөлінген 70-ке жуық команда шықты. Жарыстың өзі 15 қаңтарда басталып, өткен аптада аяқталды.
«Әр матчтағы күрес өте қатал болды, біз мұндай құрамда бірінші жыл ойнап отырған жоқпыз және команданың әрбір мүшесі бір-бірін сөзсіз-ақ түсінеді, және алаңда бар жан-тәнін салып ойнайды. Сонымен қатар, ойыншылар бір-бірін өте жақсы біледі, сезеді және алаңда әрбірінің орны мен рөлін өте нәзік деңгейде сезіп, бірнеше қадам ерте біліп отырады. Сонымен қатар, бізде жеңуге деген зор ықылас бар, бұл жеңіс құпиясының маңызды және құрамдас бөлігі болып табылады», - дейді «Қазақтелеком» командасының ойыншысы Әли Сағатов.
Айта кетейік, жыл сайын қазақстандық футбол әуесқойлары лигасы салауатты өмір салтын насихаттау, шағын футболды дамыту және насихаттау, сондай-ақ жастарды спортпен шұғылдануға тарту мақсатында Астана және еліміздің басқа өңірлерінде футболдан турнирлер өткізеді. «Қазақтелеком» құрама командасы шағын футболдан түрлі турнирлердің тұрақты қатысушысы болып табылады және бірнеше рет жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған. Атап айтқанда, өткен жылы ғана еліміздің ірі телекоммуникациялық операторының футбол жасағы Qazaqstan qyzmet Cup астаналық турнирінде жеңіске жетіп, Qazaqstan qyzmet cup республикалық чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын.