Главная Новости «Қазақтелеком» Қостанайда GPON желісінің қамту аумағын кеңейтуде
24 мамыр 2024, 10:28 640

«Қазақтелеком» Қостанайда GPON желісінің қамту аумағын кеңейтуде

«Қазақтелеком» Қостанайда GPON желісінің қамту аумағын кеңейтуде

Еліміздің ірі телеком-операторы республика бойынша өзінің желілік инфрақұрылымын дамытуда. Жақында «Қазақтелеком» Қостанайдағы кезекті көпқабатты үйді абоненттерге секундына 500 Мбит дейін жететін жоғары жылдамдықты интернет және бір қатар қосымша сервистер ұсынатын GPON технологиясы бойынша заманауи телекоммуникация қызметтеріне және цифрлық сервистерге қосты.

Қостанайда 20 жаңа көпқабатты тұрғын үй GPON технологиясы бойынша интернет желісіне қосылды. Жалпы «оптика» бойынша облыс орталығының 16 мың тұрғыны телекоммуникация қызметтеріне қосылған. Қазіргі таңда қалада жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр және құрылыспен қатар «Қазақтелеком» өзінің инженерлік желілерін, талшықты-оптикалық байланыс желілерін тартып, жаңа қонысқа көшіп келген пәтер иелері бірден интернет және цифрлық сервистерді пайдалану үшін жағдай жасауда.

«Жақында біз Қозыбаев көшесіндегі 36-пәтерлі жаңа үйді өз желімізге қостық. Қалада жаңа шағын аудандар белсендір дамып келеді және онда құрылыстың бастапты кезеңінде желілерді тартамыз. Яғни пәтер иелеріне техникалық мүмкіндікті күту қажет емес. Жаңа қонысқа көшіп келісімен-аққызметтерді қосуға өтінім бере алады. Сондай-ақ қызметтерді қосу өтінім түскеннен кейін 24 сағат ішінде жүзеге асырылады», - дейді «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек бизнес дивизионының Солтүстік өңірдегі В2С-сегментінің коммерциялық директоры Куміс Уакпаева.

Естеріңізге салайық, GPON технологиясы сымды абоненттің пәтеріне дейін жеткізіп, талшықты-оптикалық қосылудың арқасында тұтынушыға бір мезетте бірнеше қызметтерді: цифрлық теледидарды, интернетті және IP-телефонияны пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бірнеше құрылғы қосылғанымен мәлімет тарату сапасы төмендемейді, жылдамдық тұрақты әрі жоғары болып қала береді. Заманауи технологияның артықшылығын компанияның Қостанайдағымыңдаған клиенттері бағалап көрді. Солардың бірі Зәмзагүл Ағзамованың отбасы.

«Қазақтелекоммен 2000-жылдың басынан таныспыз. Ол кездері қазіргідей мұндай технологияның дамуы және сұраныс болған жоқ, бәрі онлайнға ауысып кетті. Тіпті біз, зейнеткерлер бұған үйреніп алдық. Немереміз Чехияда оқуда. Жылдамдықты интернеттің арқасында оған бейне қоңырау шалып, әрқашан байланыстамыз. Қазақтелеком қызметкерлеріне сапалы қызметтері үшін алғысымыз шексіз. Байланысшылар әрқашан құрметті болған және бола береді. Олардың еңбектерінің жемісі – бізге алыстағыны жақындадып, сырласу мүмкіндігін ұсынады», - дейді Қостанай қаласының тұрғыны Зәмзагүл Ағзамова.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Қостанай қаласында «Қазақтелеком»оптикалық желіге 12 көпқабатты тұрғын кешенін және 1000 жеке сектордағы үйлерді қосуды жоспарлап отыр.

«Қазақтелеком» АҚ коммуникациялар департаменті

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: