Главная Новости Қазақтелеком Қостанайда өрттен зардап шеккендерге тегін әрі сапалы интернет ұсынды
28 қазан 2022, 14:00 717

Қазақтелеком Қостанайда өрттен зардап шеккендерге тегін әрі сапалы интернет ұсынды

Қазақтелеком Қостанайда өрттен зардап шеккендерге тегін әрі сапалы интернет ұсынды

«Қазақтелеком» АҚ Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орман өртінен зардап шеккендерге салынған жаңа шағын ауданды жоғары жылдамдықты интернетке қосты. Баспана иелері телекоммуникация қызметтерін жыл соңына дейін тегін пайдаланады.

Бір ай бұрын Қостанай облысының Әулиекөл ауданында ірі орман өрті болып, тілсіз жауұзақ жылғы флора мен фаунаны күлге айналдырды. Салдарынан орман алабы маңында орналасқан Аманқарағай ауылында 85, Озерное елді мекенінде 6 үй өртке оранған еді. Сонымен қатар байланыс бағандары жанып, 3 шақырым желі іске жарамсыз болды. Төтенше жағдай кезінде «Қазақтелеком» қызметкерлері зардап шеккен ауылдарда байланысты, электр энергиясын қалпына келтірумен қатар, өрт сөндірушілерге жалынды ауыздықтауға көмектесті.

Сонда мемлекет басшысы қыс түскенге дейін зардап шеккен азаматтарға баспана салып беруді тапсырған еді. Бір айда Әулиекөл ауылының шетінде «Бірлік» жаңа шағын ауданы салынып, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалды. Басқа инфрақұрылыммен қатар ауылдықтарды тұрақты байланыспен және заманауи телекоммуникация қызметтерімен қамтамасыз ету үшін еліміздің телеком-операторы жаңа шағын аудан тұрғындарын интернет желісіне қосу жобасын жүзеге асырды. Осылайша 91 үйге, бұл 250 –ден астам адам, интерактивті теледидарды қосуға мүмкіндігі бар жоғары жылдамдықты интернет қызметін ұсынды.

«Қысқа мерзімде компания қызметкерлеріӘулиекөл ауылындағы «Бірлік» жаңа шағын ауданын заманауи телекоммуникация қызметтерімен қамтамасыз ететін жобаны жасап, оны жүзеге асырдық. Кілттерді табыстауға дейін құрылыс-монтаждық және орнату жұмыстарын аяқтау үшін бар күшімізді салдық. Нәтижесінде жаңа шағын аудан тұрғындарына біз кең жолақты интернет желісіне қосылу мүмкіндігін ұсындық. Баспана иелері қызметтерді жыл соңына дейін тегін пайдаланатын болады», - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ бөлшек бизнес Дивизионының бас директоры Игорь Погребицкий.

«Қазақтелеком» АҚ абоненті Василий Воронец өртке дейін Аманқарағайда тұрған еді. Компанияның интернет және интерактивті теледидар қызметін тұтынған. Ауыл тұрғынының айтуынша телекоммуникация қызметтері үшін абоненттік төлемнің алып тасталуы ол үшін үлкен көмек болған.Жақында ол жаңа баспананың кілтін алды. Енді үйінжабдықтауды жоспарлап отыр.

«Көрсеткен көмегі үшін «Қазақтелекомға» алғыс білдіремін. Телеком-оператор ұсынған жеңілдіктер оның тұтынушыға бағытталған компания ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік бағытталған компания екендігініңтағы бірдәлелі. Тұрақты интернеттің арқасында әрқашан байланыста болуға, заманға сай сервистерді пайдалануға мүмкіндік кең. Қазір онлайн дүкендерден өзіме смарт теледидар және басқа да тұрмыстық техникақарастырып жатырмын. Баспанамды жайландырып, жабдықтаймын», - дейді Әулиекөл аулының тұрғыны Василий Воронец.

Орман өртінен зардап шеккендердің бірі Виктор Плотников «Қазақтелеком» компаниясының жаңа абоненті. Оның айтуынша жаңа баспанасының «Қазақтелеком» АҚ топтамасында ұсынылатын барлық телекоммуникация қызметтеріне қосылып тұрғанына таңғалыпты.

«Қазақтелеком» компаниясы өрттен зардан шеккен өз абоненттеріне қолдау көрсеткені туралы естігем, бірақ шағын аудандағы үйлердің жоғары жылдамдықты интернетке қосылатынын күтпеген едім. Қазір заманауи адамға қалада болсын немесе ауылда тұрақты интернетке қосылу ауадай қажет. Балаларым Ресейде тұрады. Олармен әрқашан байланыста болуға тырысамыз. Сондықтан «Қазақтелеком» осындай мүмкіндікті ұсынған және тегін болғаны үшін қуаныштымыз», - деп ой бөлісті Әулиекөл ауылының тұрғыны Виктор Плотников.

Естеріңізге салсақ, Әулиекөл, Қарасу аудандарында болған орман өрттеріне байланысты телеком-оператор зардан шеккендерді қолдайтын бір қатар шаралар қабылдады. Жеңілдіктер Әулиекөл ауданының Аманқарағай, Озерное, Лесное елді мекендерінің, Қарасу ауданының Люблинка ауылының тұрғындарына ұсынылды.

«Әулиекөл ауданының қызметтерді сату тобының қызметкерлері қарыздар мен өсімақыларын өшіру үшін абоненттердің тізімін жасады.Сонымен қатар өрт салдарынан жарамсыз болған клиенттік жабдықтарды есептен шығарып, абоненттерге компания есебінен жаңартып,ауыстырып берді. Жаңа үйлер интернет желісіне қосатын клиенттік жабдықпен түгел қамтамасыз етілді.Бір сөзбен айтқанда компания қызметтерін пайдалану қолайлы әрі тиімді болуы үшін барлық жағдай жасалды», - дейді Солтүстік өңірдегі В2С сегментінің коммерциялық директоры Алексей Шмидт.

Аталған елді мекен тұрғындары жыл соңына дейін абоненттік төлемнен босатылып, олардың қарыздары мен өсімақылары өшірілді. Жеңілдік екі мыңға жуық абонентке ұсынылды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: