Главная Новости «Қазақтелеком» марафоншылары – үздік үштікте
18 тамыз 2022, 11:32 1198

«Қазақтелеком» марафоншылары – үздік үштікте

«Қазақтелеком» марафоншылары – үздік үштікте

Өткен жексенбіде елордада IRONMAN 70.3 ASTANA халықаралық марафоны өтті, онда «Қазақтелекомның» намысын «Желі «Дивизионы» бірлестігінің өкілдері қорғады: корпоративтік есеп қорытындысы бойынша телеком-оператордың командасы қола медальді жеңіп алды.

IRONMAN 70.3- триатлоннан халықаралық ең күрделі және беделді жарыстардың бірі: онда спортшылар 1,9 километрге жүзуден, 90 километрге велосипедпен жүріп өтуден және 21,1 километрге жүгіруден бақ сынасады. Биыл Қазақстанның астанасындағы спорттық іс-шараға әлемнің 56 елінен 1700-ден астам қатысушы жиналды, корпоративтік жарысқа 20-дан астам команда қатысты.

Корпоративтік есепте ірі телеком-оператордың атынан Тұрсынғали Әлібаев жүгіруде, Иван Попов веложарыста және Мадияр Әбдіразақов жүзуде өнер көрсетті. Халықаралық марафон 15 тамызда сағат 07:30-да астаналық Триатлон паркінде басталды. Атлеттерді сынау Есіл өзенінде шамамен екі километр қашықтыққа жүзуден басталып, онда бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша Мадияр Әбдіразақов үшінші болып мәреге жетті.

Әрі қарай, велосипедшілердің кезегі келіп, 90 шақырым қашықтықта Иван Попов 5-ші болып келді. Триатлон 21,1 шақырым қашықтыққа жүгірумен аяқталды, онда Тұрсынғали Әлібаев мәреге шешуші серпіліс жасап, «Қазақтелеком» командасының үздік үштікке енуін қамтамасыз етті. Тартысты күрес нәтижесінде телеком-оператордың командасы корпоративтік есепте «қоланы» алып, жалпы уақыты 5 сағат 1 минут болатын өз триатлонын аяқтады. Жарыстың жалпы маршрутының ұзындығы 113 шақырымды немесе 70,3 шақырымды құрады, ал толық қашықтықты бағындырған спортшыларға «Темір адам» (IRONMAN) атағы берілді.

«Темір» байланысшылар үштігінің бірі Мадияр Әбдіразақов «Қазақтелекомда» 2013 жылдан бері жұмыс істейді, өзінің еңбек жолын компанияда инженер лауазымынан бастаған ол қазір теледидар және спутниктік жүйелерді пайдалану орталығының, ЖДБ желілерін басқарудың бірыңғай орталығының қызметкері.

«Бала кезімнен жүгіру мен жүзуді жақсы көремін. Спорт менің өмірімнің ажырамас бөлігі. 2016 жылы Алматы марафонында өзімді сынап көруді шештім, 2018 жылы алғашқы Қазақстандық IronMan 70.3 марафонына қатыстым. Осылайша менің марафоншы ретіндегі жолым басталды. Пандемия кезінде бастама көтеріп, әріптестеріме «Қазақтелеком» атынан корпоративтік біріншілікте команда жинауды ұсындым. Желаяқтан жүзушіге айналдым.. Жарыс алдында әрқайсымыз өз бетімізше жаттығып жүрдік, мен аптасына бірнеше рет үйдің жанындағы бассейнде жүзумен айналыстым, үнемі өз нәтижелерімді өткен мәре уақытымен салыстырамын. Келесі мақсат – «алтын» IRONMAN 70.3 ұтып алу», – деп ой бөлісті Мадияр Әбдіразақов.

«Темір» велосипедші Иван Попов Мадиярмен бірге ЖББО жұмыс істейді, теледидар жабдықтары мен спутниктік байланыс жүйелерін қолдану орталығында менеджер қызметін атқарады, жұмыс орнында ол VSAT Sky Edge, iDirect спутниктік байланыс жүйелерін қолдану процесін қамтамасыз етеді.

«Велоспорттағы көпжылдың әуестігім мен 90 шақырым қашықтықты бағындыра аламын ба деген қызығушылығым мені марафонға әкелді. Осылайша 2018 жылы алғашқы IRONMAN 70.3-ке қатыстым. Өз көрсеткіштерімді жақсарту үшін үнемі қатаң кесте бойынша жаттығамын. Қыст жаттығуды сағат таңғы 6:00 - де, ал жазда 4:30-5:30-да. Жылы мезгілде велосипедпен жаттығамын, ал суықта жаттығу үшін арнайы жабдық қажет», – дейді Иван Попов.

Айта кетейік, Иван Попов Алматыдағы әуесқой жарыстардың тұрақты қатысушысы: 2019 жылы ол 35-40 жас аралығындағы «Мастерс» класында велоспорттан Қазақстан Республикасы чемпионатының «күміс» жүлдесін жеңіп алды. Ал 2021 жылы екі күндік «Тур Алматы» Халықаралық әуесқой жарысының қола жүлденің иегері атанды.

Тағы бір споршымыз– Тұрсынғали Әлібаев желіні басқару бірыңғай орталығындабас менеджер қызметін абыроймен атқарып жүрген оләр түрлі деңгейдегі жарыстарда үнемі өнер көрсетіп жүреді. Қазіргі уақытта Тұрсынғали 8 марафонда 42 шақырымнан астам жолды жүріп өткен, оның үшеуі халықаралық деңгейдегі марафондар. 2018 жылы IRONMAN 70.3 ASTANA-да өзінің жас ерекшелігінде бірінші болып мәреге жетсе, ағымдағы жылдың көктемінде ол Венадағы VCM 2022 марафонының күміс жүлдегері атанды.

«Мен ұзақ қашықтыққа жүгіруді 2016 жылы SpaceTeam командасының құрамында бастадым. Мұндай қашықтықтарға дайындық үшін аптасына 7 рет жалпы жүгіріп өткен жолың 10-15 км болатын жаттығу жоспарын орындау қажет. Таңертеңгі жаттығуларды мен Сайран көлінің айналасында, үйдің жанынд өткіземін, ал кешке жұмыстан кейін жаттықтырушының басшылығымен стадионда жүгіремін», – деп атап өтті Тұрсынғали Әлібаев.

«Қазақтелекомның» жүлделі «темір» үштігінің барлық өкілдері спорттың әртүрлі бағыттарында шеберліктерін шыңдап жүргендіктеріне қарамастан, мұндай жарыстарда ұйымшылдық пен командалық рух, сондай-ақ эстафета стратегиясының егжей-тегжейлі пысықтау маңызды екенін тілге тиек етті. Мадияр, Иван және Тұрсынғали осының арқасында өздерінің IRONMAN 70.3 ASTANA додасында корпоративтік жарыстың тұғырына көтерілуге көмектескенін айтты. Енді олардың мақсаты – болашақ жарыстарда осы тұғырдың ең биігінен көріну.

«Қазақтелеком» АҚ Коммуникациялар департаменті

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: