Главная Новости «Қазақтелеком» мен AzerTelecom Каспий арқылы стратегиялық байланыс желісін іске асыруда
02 апреля 2026, 19:08 36

«Қазақтелеком» мен AzerTelecom Каспий арқылы стратегиялық байланыс желісін іске асыруда

«Қазақтелеком» мен AzerTelecom Каспий арқылы стратегиялық байланыс желісін іске асыруда

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов NEQSOL Holding компаниясының Басқарма мүшесі Кирилл Рубинскиймен кездесті Тараптар бірлескен жобаларды дамыту перспективаларын, халықаралық телекоммуникациялық бағыттарды кеңейтуді және цифрлық технологиялар саласындағы серіктестікті нығайту жайында талқылады.

Кездесуде «Қазақтелеком» және AzerTelecom портфельдік компаниялары іске асырып жатқан стратегиялық маңызды жоба – Каспий теңізінің түбімен өтетін суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін салуға ерекше назар аударылды. Ұзындығы шамамен 380 шақырым болатын бұл желі Ақтау (Қазақстан) мен Сумгайытты (Әзербайжан) байланыстырып, Каспий өңіріндегі алғашқы суасты желісі болады. Қазіргі уақытта жоба белсенді іске асырылып жатыр.

Ол деректерді сенімді жеткізуді қамтамасыз етіп, цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және деректерді өңдеу орталықтары мен халықаралық Big Tech-компанияларды тартуға жағдай жасайды. Кездесу серіктестіктің жоғары деңгейін және тараптардың ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға деген ортақ ұмтылысын растады.

NEQSOL Holding — телекоммуникация, энергетика, жоғары технологиялар, құрылыс және тау-кен өнеркәсібі салалары бойынша 11 елде қызмет ететін халықаралық компаниялар тобы. «AzerTelecom» компаниясы NEQSOL Holding ұйымына қарасты «Azerconnect Group»-тың құрамына кіреді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: