Главная Новости «Қазақтелеком» менеджментінің 30 пайызын әйелдер құрайды
10 наурыз 2023, 12:30 845

«Қазақтелеком» менеджментінің 30 пайызын әйелдер құрайды

«Қазақтелеком» менеджментінің 30 пайызын әйелдер құрайды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Қазақтелекомның» бас қаржы директоры және басқарма мүшесі Людмила Атамұратова KASE – Kazakhstan Stock Exchange Ring The Bell for Gender Equality сауда-саттығының ашылу салтанатына қатысты. Ауқымды іс-шараның басты мақсаттарының бірі әлемдік қоғамдастықтың назарын тұрақты даму саясаты мен ESG қағидаттары контекстінде гендерлік инклюзивтілікті дамыту мүмкіндіктеріне және гендерлік теңдікті қолдауға назар аудару болып табылады.

UN CSU бастамасы аясында гендерлік теңдікке арналған сауда-саттықтың ашылу салтанаты бүкіл әлем бойынша өткізіледі, осы акцияға жыл сайын 100-ден астам биржа қолдау танытады. Қазақстанның қор биржасында салтанатты шараны «Halyk Bank» басшысы Үміт Шаяхметова мен «БҰҰ – Әйелдер» Қазақстандағы өкілі Мария Доценко гонг қағумен ашты.

«Қазақтелекомның» бас қаржы директоры Людмила Атамұратова өз кезегінде «Digitall: Women in FinTech» тақырыбында панельдік пікірталаста сөз сөйлеп, еліміздің ірі телекоммуникациялық компаниясында жүзеге асырылып жатқан гендерлік теңдік саясаты туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, телекоммуникация операторының қызметкерлер саны бүгінде 20 мыңға жуық, олардың үштен бір бөлігі – әйелдер. Бұл ретте басқарушылардың 30%-ын нәзік жанды азаматшалар құрайды.

«Қазақтелеком» - үлкен, мықты және технологиялық компания. Алайда, тіпті осындай ерекшелігі мол салада да әйелдер бойына туа біткен қабілеттерді жүзеге асырып, өз ісінің шебері атана алады. Бұған мысал ретінде тауарларды таңбалау және қадағалау, компания ішіндегі трансформациялық процестерді іске асыру, В2В саласын цифрландыру, барлық желілік инфрақұрылымның дұрыс және үздіксіз жұмысын бақылау, бөлшек клиенттерге қызмет көрсету және қызмет көрсету сапасы, компанияның барлық сегменттердегі сыртқы аудиториямен өзара іс-қимылы, сондай-ақ сапалы ішкі коммуникациялар,HR бағытындағы маңызды және күрделі жобаларды қадағалайтын да әріптес қыз-келіншектер болып табылады. Компанияның аталған негізгі қызмет салаларындағы жетістігі үшін жауапкершілікті әйелдер қауымы ер азаматтармен бірге бөлісіп келеді» - деп атап өтті Людмила Атамұратова.

Сондай-ақ, пікірталас алаңы аясында қатысушылар компанияларды басқарудағы әйелдердің үлесін арттыру үшін Қазақстанның әйелдер күштері альянсымен бірлесіп «Самұрық-Қазына» АҚ іске асырып жатқан «гендерлік теңдік» жобасын талқылады.

«Менің ойымша, корпоративтік басқару мәселелерінде әйелдің қолынан келмейтін ештеңе жоқ. Егер ол қабілетті, стратегиялық көзқарасы болса және жұмыс істеуге ынтасы болса, жетістікке жетері сөзсіз. Мұндай жағдайда әйел ер адамнан еш кем түспейді, - дейді Людмила Атамұратова. – Сөзімнің дәлелі ретінде еншілес мобильді операторлардың басқару органдарында ұсынылған «Қазақтелекомнан» өз әріптестерімді тағы да келтіре аламын. Бұл «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Әлия Кішкенбаева және «Мобайл Телеком – Сервис» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі Наталья Лян.

Қатысушылар корпоративтік басқарудағы гендерлік теңдікті жақсартудың, IT-технологияларды дамыту контекстіндегі гендерлік инклюзивтілікті қолдаудың маңыздылығын, сондай-ақ әйелдер іске асыратын табысты жобалардың және олар үшін несиелеу бағдарламаларының құндылығын атап өтті.

Іс-шарада қаржы-технологиялық компанияларда көшбасшылық лауазымдарғаәйелдерді көбірек тарту және ұстап тұру, олардың сараптамасын және тұрақты оқуын сақтау, FinTech индустриясындағы әйелдердің алдында тұрған сын-қатерлерге және қаржы нарығындағы IT-трендтерге ерекше назар аударылды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: